Ағымдағы жылдың 31-наурыз күні Ә.Ермеков атындағы №23 мектеп-лицейі базасында жаратылыстану-математика бағытындағы пән мұғалімдеріне арналған «Жаратылыстану пәндері бойынша инновациялық технологияларды қолдану арқылы оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту» тақырыбында семинар-практикум өткізілді. Барлығы 37 мұғалім қатысты.

Семинар-практикумның алғашқы бөлімінде химия және география пәндері мұғалімдері ашық сабақтар көрсетіп, өз әдіс-тәсілдерімен бөлісті.

Практикалық бөлімде семинар-практикумға қатысушылар химия пәні бойынша олимпиада есептерін шығарып, география пәні бойынша PISA халықаралық зерттеуі форматында тапсырмалар орындады. Биология пәні сабағында PASCO цифрлық зертханасымен жұмыстар жүргізді.

Жаратылыстану пәндері бойынша озық үлгідегі цифрлық платформалары таныстырылды. Семинар-практикум соңында «Оқушылардың функционалдық оқу сауаттылығын арттыру жолдары» тақырыбында коучинг жүргізіліп, қорытындыланды.

FaLang translation system by Faboba

ПАЙДАЛЫ САЙТТАР

Қазақстан Республикасының мемлекеттік мекемелерінің пайдалы сайттары

client 1 client 1 client 1 client 1