2023 жылы 26 сәуір күні Ақтөбе облыстық есту және көру қабілеті бұзылған балаларға арналған арнайы «мектеп-интернат-колледж» кешені КММ-нің тәжірибесін тарату мақсатында «Арнайы (түзету) мектеп-интернатта оқу-тәрбие процесін ұйымдастыру» тақырыбында облыстық шебер-класс өтті.

Іс-шараға арнайы білім беру мекемелерінің педагогтері мен тәрбиешілері қатысты.

Мекеме директоры Шакенова Гулсим Куанышевна ерекше білім беру қажеттіліктері бар оқушыларды оқыту мен тәрбиелеуді ұйымдастырудың тұжырымдамасымен бөлісіп, қонақтарға мекеме туралы мағлұмат берді.

Шебер-класс екі бөлімде жұмыс жасады. Пленарлық бөлімде педагогтер І-ІІ түзету мектебіндегі оқу-тәрбие процесіндегі арнайы қолданылатын әдіс-тәсілдер мен технологияларды, оқу-тәрбие процесін тиімді ұйымдастыру тәжірибелерімен бөлісті. Тәжірибелік бөлімде мұғалімдер оқытудың арнайы тәсілдерімен қатар, жаңа инновациялық технологияларды пайдалана отырып, оқу процесіндегі кіріктірілген сабақтар, АКТ технологияларының тиімді әдістерімен бөлісті.

Сәтті үзіліс кезінде оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту мақсатында педагог-тәрбиешілер «Resin Art», «Гипстен бұйым жасау», «Сабын жасау», «Сымсыз тоқу», «Жіптер әлемі» шебер- кластарын көрсетті.

Іс-шара соңында қатысушылар кері байланыста алған тәжірибелері үшін алғыстарын білдірді. Шебер-класс қатысушылары практикалық қызметте қолдануға болатын құнды тәжірибе алды.

FaLang translation system by Faboba

ПАЙДАЛЫ САЙТТАР

Қазақстан Республикасының мемлекеттік мекемелерінің пайдалы сайттары

client 1 client 1 client 1 client 1