2023 жылдың 14 ақпан күні Ақтөбе облыстық ғылыми-тәжірибелік орталығының ұйымдастыруымен Дарынды жасөспірімдерге арналған Ақтөбе облыстық мамандандырылған «Білім-инновация» лицей-интернатының LS тобының іс-тәжірибесімен бөлісу мақсатында «Lesson Study: сапалы білімге жеткізетін жол» тақырыбында вебинар өтті.

Мақсаты: оқушыларды оқытуға көңіл аудара отырып, оқытуды жетілдіру және оның сапасын арттыру құралы ретінде мұғалімдерге Lesson Study ұсыну; тәжірибені жетілдіруде Lesson Study тәсілін қалай пайдалануға болады. 

Вебинарды алғы сөзі облыстық ғылыми-тәжірибелік орталығының әдіскері Жумабаева Жумагуль Токсанбаевна мен директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары   Дузимова Алтынгул Мажитовна   басталды.

Вебинар барысында «Білім-инновация» лицей-интернаты директордың бейіндік ісі жөніндегі орынбасары Валиева Айнур Сабитовна «Lesson study – мұғалімдердің кәсіби дамуының тиімді құралы» ретінде таныстырып, зерттеу сабағы оқушының оқуына, топ мүшелерінің кәсіби дамуына ықпал ететін және оқушылардың сабаққа қызығушылығын оятып, білім сапасын арттырудағы  тиімді тәсіл екенін атап өтті.

Лицейдің орыс тілі мен әдебиеті пән мұғалімдері Баймуратова З.Ж, Валиева А.С., педагог-психолог Жантикенова К.К.  - Lesson Study топ мүшелері «Как достичь цели урока через дифференциацию по восприятиям» тақырыбында практикалық бағытта және  зерттеу сұрағын дұрыс құру бойынша  өз іс-тәжірибелерімен бөлісті. Лицей психологы білім беру барысында оқушылардың жеке тұлғалық ерекшеліктерін, табиғи қабілеттерін ескеру сабақтың оқу мақсатына жетуіне тиімді ықпал ететінін алға тартты.

             Кері байланыс пен рефлексия «Jamboard» онлайн тақтасы арқылы қорытындыланды, рефлексия жасалды.

FaLang translation system by Faboba

ПАЙДАЛЫ САЙТТАР

Қазақстан Республикасының мемлекеттік мекемелерінің пайдалы сайттары

client 1 client 1 client 1 client 1