2023 жылғы 30 қаңтарда Ақтөбе облыстық ғылыми-тәжірибелік орталығының жоспарына сәйкес «Мектепке дейінгі ұйымның үздік педагогі-2022» республикалық байқауының жеңімпазы, Мәртөк ауданы №1 «Тополек» балабақшасының тәрбиешісі Татьяна Александровна Козловскаяның «Обучение через игру - основной принцип воспитательно-образовательного процесса» тақырыбында шебер-класы өтті.
Татьяна Александровна әр ойынның орындалу әдістемесін нақты және қол жетімді түрде көрсетті. Шебер-класс барысында қатысушы педагогтер практикалық тапсырмаларды орындау арқылы ойындар әлеміне еніп, оларды мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасын іске асыру үшін пайдаланудың маңыздылығын игерді. Ойын балаларды іздеуге және табуға, ойлауға және білуге бағытталғандығына тағы бір рет көз жеткізді.
Мектеп жасына дейінгі балалардың дамуының әртүрлі аспектілеріне, соның ішінде танымдық жағына оң әсер ететін «Блум Кубы» ойын технологиясын қолдануға толығырақ тоқталды. Аталған технология балалардың білімін жүйелеуге, әр баланы шығармашылық және эмоционалды дамуына ықпал етеді.
Сонымен қатар шебер-класта «Ойындар шеберханасы» тақырыбында көрмесі ұйымдастырылды.
Мурзагулова М.Т.- мектепке дейінгі және жалпы орта білім беру бөлімінің әдіскері