2022 жылғы 29 қараша күні Ақтөбе облыстық ғылыми-тәжірибелік орталығының ұйымдастыруымен облыстық «Үздік кәсіби бағдар беруші-2022» іс-шарасы аталып өтті. Шараға техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары және олардың әлеуметтік серіктес мекеме мамандары, «Атамекен» өңірлік кәсіпкерлер палатасы, «Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағы» ҚБ Ақтөбе облыстық ұйымы және 100-ден астам мектеп оқушылары қатысты.    

Шара облыс колледждері арасында үздік кәсіби бағдар берушісін анықтау мақсатында байқау түрінде өткізілді. Байқау кәсіби бағдар беру жұмысын ұйымдастырудың жаңа нысандарын іздеу, мектеп оқушыларының болашақ мамандығын саналы түрде таңдауға қызығушылықтарын арттыру және аймақтық еңбек нарығының мүдделерін ескере отырып, колледж мамандықтарын дәріптеуге бағытталған.

Шараға қатысқан мектеп оқушылары ауылшаруашылық, гуманитарлық, техникалық және медициналық мамандықтарының қыр-сырларымен, мемлекеттік тапсырыс негізінде оқуға құжат тапсыру мүмкіндіктері, дуалды оқыту жүйесі, жас кәсіпкер бағдарламасы бойынша ақпарат алды. Көрмені өткізу формасын таңдау кезінде қазіргі оқушылардың ақпаратты қабылдау ерекшеліктері және олардың өзін-өзі жүзеге асыруға деген ұмтылысы ескерілді.

Үш кезеңнен тұратын облыстық байқауға техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары қатысты. Қатысушылар кәсіптік бағдар беру қызметін ұйымдастыру мен үйлестірудегі жаңа тәсілдер тұжырымдамасына жауап беретін, сондай-ақ оқушылардың облыстағы колледж мамандықтары туралы хабардар болу деңгейін арттыратын жұмыстың инновациялық нысандарын ұсынды. Сондай-ақ, «Мамандықтар көрмесі» тақырыбында павильон әзірлеп, жыл бойы кәсіби бағдар беру бойынша атқарылған жұмыс нәтижелерін «Кәсіби бағдар беру-мамандықты дұрыс таңдаудың алғы шарты» тақырыбында TEDx форматында әлеуметтік серіктес мекеме маманымен бірге қорғады.

Байқауға қатысқан техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары «Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағы» ҚБ Ақтөбе облыстық ұйымының және Ақтөбе облыстық ғылыми-тәжірибелік орталығының диплом, алғыс хат, шипажайға жолдама және қаржылай сыйақылармен  марапатталды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

FaLang translation system by Faboba

ПАЙДАЛЫ САЙТТАР

Қазақстан Республикасының мемлекеттік мекемелерінің пайдалы сайттары

client 1 client 1 client 1 client 1