2022 жылы 2 қараша күні Ақтөбе қаласы М.Құрманғалиева атындағы №32 мектеп-гимназияның бастауыш сынып мұғалімі Раева Айна Жылкыбаевнаның «Құндылыққа негізделген математикалық білім беру» тақырыбындағы облыстық шеберханасының № 1 отырысы өткізілді.
Шеберхана отырысына облыс мектептерінің бастауыш сынып мұғалімдері қатысты.
Шеберхана бастауыш сынып мұғалімдеріне математика сабағында оқушыларға құндылыққа негізделген білім беру арқылы функционалдық сауаттылығын қалыптастыру, белсенді оқыту әдістерінің рөлі мен маңызын ашып көрсету мақсатын көздеді.
Шеберхана жетекшісі Айна Раева психологиялық орта құрып алу үшін «Мен ғажайыппын» деген тренингтен бастады. Тренинг бір-бірімен танысу мақсатында алынған. Жұмыс барысында тақырып бойынша түсіндірме жұмысы жүргізілді. Құндылықтарды ашу мақсатында топтық жұмыс жүргізілді. Топта «Мен білемін» әдісі бойынша құндылықтарды анықтады. Анықтауда қолжетімді ресурстарды пайдалану арқылы «Чек лист», «Анама SMS», «Ғажайып байланыс» әдіс-тәсілдері қолданды. Қорытындылау кезінде ресурстарды тиімді қолдана отырып, есеп құрастырды. Есептің мағынасы құндылықпен байланысу арқылы нәтижесін көрсетті.
Кері байланыс кезінде қатысушылар таңдап алған құндылығын басшылыққа алып, алған білімдерін тиянақтап, таңдаған құндылығымен байланыстырып сабақта қолданатын тиімді тәсілдерімен бөлісті.
Ақтөбе облыстық ғылыми-тәжірибелік орталығының әдіскері С.Жубаева