2023 жылдың 14 наурыз күні Ақтөбе облыстық ғылыми-тәжірибелік орталығының ұйымдастыруымен Ақтөбе қаласы  №61жалпы білім беретін орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Назгуль Кожалепесованың  «Бастауыш сыныпта мәтінді есептерді  талдау» облыстық шығармашылық  шеберханасының IІI отырысы  болып өтті.

Шеберхана жұмысы Әз-Наурыздың көрісу күніне орай, шеберхана мүшелерімен көрісу салтымен басталып, наурыз көжеден дәм ұсынды.

Отырыс жетекшісі Назгуль Кожалепесова «Екі амалмен   шығарылатын   есептер» тақырыбында 2 «В» сыныбында, шеберхана мүшесі Құралай Жаналинова «Жазбаша көбейту және алгоритмін қолдану» тақырыбында 3«А» сыныбында  математика сабақтарын өткізді.

 Сабақ барысында мәтінді есептерді түрлі тәсілдермен талдап шығару жолдарын топтық жұмыс арқылы көрсетті. Сонымен бірге, сызба бойынша екі амалмен шығарылатын есептер мен мәтінді есептердің моделін құрастырып,  ұлттық құндылыққа негізделген логикалық жаттығулар шешімін бірге тапты.

Шеберхана жетекшісі көрсетілген екі сабақты «FILA» әдісін қолдану арқылы мәтінді есептерді талдап, өз тәжірибесін ортаға салды.

Қорытынды бөлімінде мектеп директорының ғылыми-әдістемелік ісі жөніндегі  орынбасары Ақтоты Бисембаева қатысушылармен кері байланыс жасады.

Отырыс соңында шеберхана қатысушылары жылы лебіздерін білдіріп, ризашылықпен тарқасты.

 

FaLang translation system by Faboba

ПАЙДАЛЫ САЙТТАР

Қазақстан Республикасының мемлекеттік мекемелерінің пайдалы сайттары

client 1 client 1 client 1 client 1