Оқу-ағарту министрлігінің 2023 жылғы халықаралық, республикалық бұқаралық спорт және денешынықтыру іс-шараларының жоспарына сәйкес техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының педагогтері арасында республикалық спартакиаданың облыстық іріктеу кезеңі мамыр айының 24-26 күндері аралығында өтті.

Спартакиаданың мақсаты - колледж педагогтері арасында салауатты өмір салтын насихаттау, бұқаралық спорт түрлерін дамыту және педагогтердің арасындағы достық пен ынтымақтастықты дамыту.

Спорттық додаға Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағының Ақтөбе облыстық ұйымы демеушілік етіп, сонымен қатар, «Аманат» партиясының Ақтөбе қалалық филиалы да қолдау көрсетті.

Байрақты бәсеке қаламыздағы жеті колледждің спорт алаңында жоғары деңгейде өтті. Спорттың 5 түрінен (волейбол ерлер/қыздар, баскетбол ерлер/қыздар, үстел теннисі, тоғызқұмалақ, футзал) 400-ге жуық педагогтер сынға түсті.

Жалпы командалық есеп бойынша спартакиада нәтижесі:

I орын – Ақтөбе жоғары политехникалық колледжі;

ІI орын – Ақтөбе көлік, байланыс және жаңа технологиялар колледжі;

ІІІ орын – Ақтөбе жоғары гуманитарлық колледжі.

Спартакиада жеңімпаздарына Абай облысы Семей қаласында өтетін Республикалық кезеңге жолдама берілді.

FaLang translation system by Faboba

ПАЙДАЛЫ САЙТТАР

Қазақстан Республикасының мемлекеттік мекемелерінің пайдалы сайттары

client 1 client 1 client 1 client 1