Ақтөбе облыстық ғылыми-тәжірибелік орталығының ұйымдастыруымен «Қазақстан Республикасы колледждерінің үздік 100 студенті» республикалық конкурсының өңірлік кезеңі қазан айында өткізілді.

Өскелең ұрпақтың ертеңі үшін мемлекет тарапынан маңызды шешімдер қабылданып, тың бастамалар қолға алынуда. Конкурс ТжКББ ұйымдары білім алушыларының кәсіби құзыреттілік деңгейін арттыруға, көшбасшылық қасиеттерін қалыптастыруға ынталандыру мақсатында  ұйымдастырылды. 

Конкурсқа Ақтөбе өңірі бойынша 15 колледжден 54 білім алушы  қатысты.  Әр қатысушы конкурс кезінде 350 сөзден артық емес уәждемелік хат,  өзін болашақ маман ретінде таныстыратын өзінің белсенді қоғамдық қызметін жариялайтын 2 минуттан сапайтын бейне ролик және білім алып жатқан мамандығы бойынша аймақты/республиканы дамытуға  арналған  7 слайдтан аспайтын жобаларын ұсынды.

Конурсқа ұсынылған 54 білім алушының жұмыстары сараланып  он (10) білім алушының жұмысы республикалық конкурсқа жіберілді

Олар:

1.Ақтөбе гуманитарлық колледжі - Аманғос Айтөре Жеңісқызы, жетекшісі Жиенкулова Гулбарша Шарапиевна

2Ақтөбе құрылыс және бизнес колледжі - Қарабатыр Дамир Нұрланұлы, жетекшісі Дәнекеров Алдияр Сәулетұлы

3.Ақтөбе құрылыс және бизнес колледжі - Бекежанова Наргиз Бекежанқызы, жетекшісі Сагиндикова Альбина Бахитжановна

4.Ақтөбе Жоғары политехникалық колледжі - Брсоян Тимур Альбертович, жетекшісі Шортанбаева Айтолкын Темирбековна

5.Ақтөбе Жоғары политехникалық колледжі - Қойшыбаев Бағыжан Арманұлы, жетекшісі Исмагулова Нургул Кадирбергеновна

6.Ақтөбе Жоғары политехникалық колледжі - Утешова Аружан Ерболовна, жетекшісі Есетова Мира Климовна

7.«Дүние» колледжі - Жумалиева Амангүл,  жетекшісі Жетписбаева Дидар Балғабайқызы 

8.Жайсаң көпсалалы колледжі - Лысенко Светлана  Витальевна, жетекшісі Кубитович Татьяна Ивановна  

9.Хромтау тау-кен техникалық жоғары колледжі - Ахметкали Кайрат Ерболович, жетекшісі Утенова Айнагуль Каировна

10.Хромтау тау-кен техникалық жоғары колледжі - Белов Сергей Максимович, жетекшісі Хурметбек Куннур

 «ҚР колледждерінің үздік 100 студенті»  республикалық конкурсқа жолдама алған  жеңімпаздарды құттықтаймыз!

 

 

 

 

 

 

FaLang translation system by Faboba

ПАЙДАЛЫ САЙТТАР

Қазақстан Республикасының мемлекеттік мекемелерінің пайдалы сайттары

client 1 client 1 client 1 client 1