«ТІРЕК ЖӘНЕ МАГНИТТІК МЕКТЕП: ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ, ҚОЛАЙЛЫ ОРТА» тақырыбында республикалық пилоттық жобаға қатысушы 12 тірек және 36 магниттік мектептерінің математика, физика, биология, химия және ағылшын тілі пәні мұғалімдеріне, мектеп әкімшілігіне әдістемелік қолдау көрсету бағытында облыстық әдістемелік семинар-практикум ұйымдастырылды.
Шарада Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы «Ауыл және ШЖМ дамыту» зертханасы меңгерушісінің м.а. А.Адамбекова аталған жобаның маңыздылығы мен жауапкершілігі туралы сөз етіп, қатысушыларға әдістемелік тұрғыда нұсқаулық берді.
Семинар-практикумда үздік жетекші мектептердің аталған пәндердің виртуалды педагогтері шеберлік сағаттарын көрсетті. Цифрлық қосымшаларды математика сабағында тиімді пайдалану туралы Ақтөбе қаласы №51 гимназияның математика пәні мұғалімі Н.Ә.Әміржан, Ақтөбе облыстық мамандандырылған физика-математикалық лицей-интернатының математика пәні мұғалімі М.А.Нажмадинов, Ақтөбе қаласы Қ.Сәтбаев атындағы орта мектеп-лицейінің математика пәні мұғалімі М.Қ.Майлық өз іс-тәжірибелерімен бөлісті.
М.Құсайынов атындағы Ақтөбе облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған лицей-интернатының физика пәні мұғалімі С.Ж.Жильгелдин, Ақтөбе облыстық мамандандырылған физика-математикалық лицей-интернаты Б.Ж.Сулейманов физика сабағында цифрлы форматта оқытудың тиімді әдістері мен тәсілдері бойынша кеңінен айтып өтті.
Ақтөбе қаласы №56 ЖОББМ-нің физика пәні мұғалімі А.А.Айтмагамбетова виртуалды зертханалық жұмыстарды жүргізудің тиімді жолдарын көрсетті.
Химия-биология бағыты бойынша Хромтау ауданы №3 орта мектебінің химия пәні мұғалімі Г.А.Мусина «Оқыту мен оқудың белсенді әдістеріне негізделген цифрлық сабақ», Хромтау ауданы №3 орта мектебінің биология пәні мұғалімі Н.М.Коптенова «Мембраналық потенциалды сақтаудағы белсенді тасымалдың рөлі», Хромтау ауданы №6 Хромтау гимназиясының химия пәні мұғалімі Ж.А.Суйеуова «Химия пәнінен цифрлы білім беру платформаларын қолданудың тиімділігі», Ақтөбе қаласы №51 гимназияның биология пәні мұғалімі С.А.Ерназарова «Цифрлық білім беру жағдайында функционалдық және қалыптастырушы бағалау тапсырмаларын құру», Әл-Фараби атындағы №21 мамандандырылған гимназияның биология пәні мұғалімдері Р.Т.Сулейменова, М.И.Турмагамбетова және Ақтөбе қаласы №10 орта мектебінің биология пәні мұғалімі Н.Қ.Есенова «Қашықтан оқытуда цифрлық платформа қосымшалары мен зертханалық құралдарды қолданудың тиімділігі» тақырыптарында тәжірибелерімен бөлісті.
Ағылшын тілі пәнінен виртуалды сабақтарды өткізудегі вебсайттар мен платформалар жөнінде Әл-Фараби атындағы №21 мамандандырылған гимназияның ағылшын тілі пәні мұғалімдері Ж.М.Улукпанова, К.М.Жаналиева, дарынды жасөспірімдерге арналған «Білім-инновация» лицей-интернатының ағылшын тілі пәні мұғалімі А.Бақиқызы, Ақтөбе қаласы «Смарт-Білім» мектеп-гимназияның ағылшын тілі пәні мұғалімі Г.Ж.Жусупова шебер-класс өткізді.
Қорытынды бөлімінде Ақтөбе қаласы А.Байтұрсынұлы атындағы лингвистикалық мектеп-гимназияның физика пәні мұғалімі Б.Ж.Бозшин виртуалды сабақ құрылымына қойылатын талаптарды түсіндірді. Мәртөк ауданы №1 Мәртөк орта мектебінде жобаның жүзеге асырылу барысы туралы директорының орынбасары Н.О.Оспанованың бейнешолуы көрсетілді.
Облыстық білім басқармасының бөлім басшысы Г.Қ.Құлыбек жобаға қатысушы тарапынан көтерілген мәселелерге толыққанды жауап беріп, ұстаздар қауымына ризашылығын білдірді. Өз іс-тәжірибелерімен бөліскен педагогтер Ақтөбе облыстық әдістемелік орталығының Алғыс хатымен марапатталды.