Ақтөбе облыстық ғылыми-тәжірибелік орталығы, Шалқар аудандық білім бөлімі, «Қазанғап Тілепбергенұлы атындағы Шалқар ауданының саз мектебі» МКҚК-ның ұйымдастыруымен Сәдуақас Балмағанбетов атындағы «Күмбірлеген күміс күй» атты облыстық күй байқауы өтті.

Байқауға Ақтөбе қаласының және аудандардың музыка және өнер мектептерінен 17 қатысушы қатысты. Байқауға Темірбек Жүргенов атындағы қазақ ұлттық өнер академиясының «Дәстүрлі музыкалық өнер» кафедрасының доценті, ҚР мәдениет қайраткері, домбырашы, күйші-зерттеуші Әбуғазы Мұрат Қазенұлы, А.Жұбанов атындағы Ақтөбе музыкалық колледжінің оқытушысы, қазанғаптанушы. «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері, ҚР еңбек сіңірген қайраткері, «Ақтөбе облысының Құрметті азаматы» – Асылханов Жайлау Жаншаұлы, Қазанғап Тілепбергенұлы атындағы Шалқар ауданының саз мектебінің домбыра класының оқытушысы, қазанғаптанушы, «Ерен еңбегі үшін» медалі иегері, «Мәдениет саласының үздігі» төсбелгісі иегері – Жанаманов Нұрболат Әдіманұлы, А.Жұбанов атындағы Ақтөбе музыкалық колледжінің оқытушысы, Ғ.Жұбанова атындағы облыстық филармонияның А.Жұбанов атындағы қазақ халық аспаптары оркестрінің бас концертмейстері, Күйшілер одағы қоғамдық бірлестігінің Ақтөбе облысы бойынша жетекшісі, Қазақстан Республикасы Мәдениет саласының үздігі – Хамзин Талап Еділханұлы, Ақтөбе қаласы, Шығармашылық академиясының директоры – Сүлеймен Алмас Бақытқалиұлы қазылық етіп, әділ бағаларын берді. Нәтижесінде:

Бас жүлде – Сұлтамұратов Нұрдәулет, Қазанғап Тілепберегенұлы атындағы Шалқар ауданының саз мектебі, жетекшісі Көшімов Оразғали Имантайұлы.

1 орын – Елембаев Ақжол, Ақтөбе қаласы, «№1 Балалар музыка мектебі», жетекшісі Нуралиев Куаныш Танатович, Тусульбаев Даулет, Ақтөбе қаласы, Қазанғап атындағы балалар өнер мектебі, жетекшісі Сәтжанұлы Әсет.

2 орын – Орынбасар Ислам, Әйтеке би аудандық балалар саз мектебі, жетекшісі Ахмедияр Марғұлан, Жубаниязова Алина, Алға балалар өнер мектебі, жетекшісі Жумагазиев Бердигали Жаныбекович, Ормағанбет Нұрдәулет, Қазанғап Тілепберегенұлы атындағы Шалқар ауданының саз мектебі, жетекшісі Көшімов Оразғали Имантайұлы.

3 орын – Жаксыгарина Айнур Қ. Медетов атындағы Мәртөк балалар өнер мектебі, жетекшісі Жуманиязова Қазна Қуанышбайқызы, Нұржанұлы Нұрқадiр, Кобда аудандык балалар өнер мектебi, жетекшісі Бiләлов Алихан Қайыржанулы, Кітабаев Бақдаулет, Байғанин ауданы, «Б. Тәжібаев атындағы балалар музыка мектебі», жетекшісі Әйләдір Қуандық Жанболатұлы.

Қазанғап атындағы жүлде – Ауденов Тамерлан, Қ. Медетов атындағы Мәртөк балалар өнер мектебі, жетекшісі Табыншаев Аманқос Сәрсенғалиұлы.

С.Балмағамбетов атындағы жүлде – Нұрғазин Нұрасыл, Әйтеке би аудандық балалар саз мектебі, жетекшісі Ахмедияр Марғұлан.

Ж.Айпақов атындағы жүлде – Қайроллин Тұрлан, Қазанғап Тілепберегенұлы атындағы Шалқар ауданының саз мектебі, жетекшісі Бекмырза Думан.

Алғыс хат – Мұқашев Ислам, Ақтөбе қаласы, Қазанғап атындағы балалар өнер мектебі, жетекшісі Сәтжанұлы Әсет, Жақсылықов Дінмұхамед, Ырғыз ауданы, «Балалар өнер мектебі», жетекшісі Рашид Алмат, Тағыберген Жеміс, Қазанғап Тілепберегенұлы атындағы Шалқар ауданының саз мектебі, жетекшісі Жұмағұлова Жанар Ермекқызы, Ахтанұлы Әли Қазанғап Тілепберегенұлы атындағы Шалқар ауданының саз мектебі, жетекшісі Кемалова Зейнеп Баймырзақызы, Зинел Нұрбақыт, Қазанғап Тілепберегенұлы атындағы Шалқар ауданының саз мектебі, жетекшісі Көшімов Оразғали Имантайұлы.

Байқау соңында Ақтөбе облыстық ғылыми-тәжірибелік орталығының атынан дипломдармен естелік сыйлықтар және Қазанғап Тілепбергенұлы атындағы Шалқар ауданының саз мектебінің домбыра класының оқытушысы, қазанғаптанушы, «Ерен еңбегі үшін» медалі иегері, «Мәдениет саласының үздігі» төсбелгісі иегері Жанаманов Нұрболат Әдіманұлының демеушілігімен қаржылай сыйлықпен марапатталды.

FaLang translation system by Faboba

ПАЙДАЛЫ САЙТТАР

Қазақстан Республикасының мемлекеттік мекемелерінің пайдалы сайттары

client 1 client 1 client 1 client 1