Ағымдағы жылдың  30 қазан күні  Ақтөбе облыстық әдістемелік орталығымен                  «Ақ желкен» аула клубы МКҚК-ның ұйымдастыруымен қалалық, аудандық аула клубтары және қосымша білім беру ұйымдарының көркемсурет лицейі,өнер мектептерінің шығармашылық пәндері оқытушылары, көркемсурет топтарының, бейнелеу және көркем еңбек бөлімдерінің педагогтеріне арналған «Сәндік-қолданбалы өнер арқылы оқушыларды ұлттық құндылықтарға тәрбиелеу» тақырыбындағы облыстық шебер – класс  өткізілді.

      Ақтөбе облыстық әдістемелік орталығының бөлім  әдіскері А.Нарегеева және «Ақ желкен» аула клубы МКҚК-ның  директоры  Г.Бақытжанова сөз сөйлеп, облыстық шебер-кластың бағдарламасы мен мақсатын таныстырып, шебер-класс өткізушілерге сәттілік тіледі.

    Шара барысында МКҚК «Ақ желкен» қосымша білім беру мекемесінің педагог-психологі Сабыр Жаңагүл Шахметқызы «Менің шұғылалы әлемім», Калдыгулов Ерик Сактаганулы, А.Байтұрсынұлы атындағы лингвистикалық мектеп-гимназия КММ, көркем еңбек пәні мұғалімі «Ұлттық өнерді дамытудағы шығармашылықтың маңызы», Бердибекова Лаура Куантаевна Қазақстан қолөнершілер Одағының мүшесі, Шапағат медалінің иегері, № 47 ОМ-нің қол-өнер шебері «Кесте өнерінің қыз балаға әсері», Курманалина Айгуля Алмасовна, МКҚК «Ақ желкен» қосымша білім беру мекемесінің педагогі «Новые техники в декаративно-прикладном исскустве», Зашева Айгерім Әбдікәрімқызы, МКҚК «Ақ желкен» қосымша білім беру мекемесінің педагогі «Оқушының өз алақанымен қиял арқылы, заманауи бейне жасау» және Бектасова Зухра Рамазанқызы, МКҚК «Ақ желкен» қосымша білім беру мекемесінің педагогі «Заманауи  үлгідегі, 3Д форматтағы  ою-өрнекті үйретудің  тиімді жолдары» тақырыбындағы шебер-кластарда теориялық және практикалық бағытта әдіс-тәсілдері көрсетіліп, «Ақ желкен» аула клубы МКҚК-ның  қосымша білім беру педагогтері  өз  іс-тәжірбиелерімен бөлісті.

      Шара соңында   қатысушылар шебер – класс   барысында  алған жағымды әсерлерімен ой-пікірлермен бөлісті.

 

FaLang translation system by Faboba

ПАЙДАЛЫ САЙТТАР

Қазақстан Республикасының мемлекеттік мекемелерінің пайдалы сайттары

client 1 client 1 client 1 client 1