Бүгін Ақтөбе облыстық ғылыми-тәжірибелік орталығының директоры болып Нургалиева Жанилсин Достангалиевна тағайындалды.

Ол 1973 жылы Ақтөбе облысында дүниеге келген, білімі жоғары:

1997 жылы Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе педагогикалық университетін бітірді.

Еңбек жолын Ақтөбе қаласындағы №37 бастауыш мектебінде музыка пәнінің мұғалімі болып бастаған. 

2000-2007 жылдары №24 лингвистикалық гимназияда аға тәлімгер, концертмейстер, музыка пәнінің мұғалімі болып жұмыс жасаған.

2008-2010 жылдары Ақтөбе гуманитарлық колледжінде оқытушы, бірлестік жетекшісі, директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары,

2010-2013 жылдары Ақмола облысы  " Балдәурен" Республикалық оқу-сауықтыру орталығында ақпараттық-әдістемелік бөлім әдіскері, тақырыптық ауысымдар жетекшісі, ғылыми-әдістемелік бөлім жетекшісі,

2013-2014 жылдары Ақтөбе байланыс және электротехника колледжі директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары, 

2014-2018 жылдары Ақтөбе қалалық ғылыми-әдістемелік орталық директорының орынбасары,

2018-2021 жылдары "Ақтөбе-Дарын" өңірлік ғылыми-тәжірибелік қосымша білім беру орталығының директоры болған.

2021 жылдың 1 маусымынан бастап "Аяла" өмірлік қиын жағдайдағы балаларды қолдау орталығы директоры қызметін атқарып келді.

FaLang translation system by Faboba

ПАЙДАЛЫ САЙТТАР

Қазақстан Республикасының мемлекеттік мекемелерінің пайдалы сайттары

client 1 client 1 client 1 client 1