Ақтөбе облыстық әдістемелік орталығының жоспарына сәйкес «Шынайы жобаны қорғау» облыстық байқауы өткізілді. Байқауға облыстағы техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары оқытушыларының жетекшілігімен студенттердің 22 жобасы сынға түсті.
Биылғы жылы байқау ІІ кезең бойынша өткізілді. І кезең іріктеуге 22 жоба қатысып, екінші кезең қорғауға 10 үздік жоба өтті.
Байқаудың мақсаты – студенттердің жоғары дәрежелі үздік, инновациялық жобаларын және болашағы бар техникалық, шығармашылық жұмыстарын айқындау.
ІІ кезеңінде ІТ, ауылшарушылығы, тамақтану, денсаулық, инженерлік салалары бойынша студенттер өздерінің шынайы жобаларын қорғады.
Өңірдегі Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінің Phd-доктор, аға оқытушылары Ж.С.Сарқұлова, Т.Ж.Толеуов және орталық басшыларынан құрылған қазылар алқасы білім алушылардың шығармашылық, техникалық бағытындағы жұмыстарын, ізденушілік қабілеттерін сараптап, жеңімпаздарды анықтады.
Байқау қорытындысы бойынша жеңімпаздарға І, ІІ, ІІІ дәрежелі диплом беріліп, қалған қатысушылар алғысхатпен марапатталды.
№ |
Қатысушылар |
Жүлделі орын |
Жетекшісі |
Жоба тақырыбы |
1 |
Ермекбаев Әли Бердімұратұлы |
І орын
|
Ғұспанқызы Майгүл |
Сүзбенің адам ағзасындағы атқаратын рөлі |
2 |
Кадыржанова Альбина, Қуанышқызы Назерке |
ІІ орын |
Жабасова Гулнур Еркиновна |
Тағамдық Е қоспаларының жіктелуі мен адам ағзасына әсері |
3 |
Наурызбай Ұлықпан |
ІІ орын |
Кулшаров Нурболат Токтамисович |
Топырақ құнарлығын арттыру және сақтау үшін органикалық қалдықтарынан вермикомпаст (биогумус) өндіру |
4 |
Кабдулов Темерлан |
ІІІ орын |
Балғабай Әсем Рүстембекқызы |
Функциналдық мармелад: изомальт және алма шырыны |
5 |
Амандық Асылбек Қонысбайұлы Жолтай Рамазан Қайратұлы |
ІІІ орын |
Нурина Жазира Калимухановна
Насыров Жастілек Жанатұлы |
Көру қабілеті нашар адамдарға арналған белдік |
6 |
Қожаниязова Әсем Жолдыбайқызы |
ІІІ орын |
Ержангалиева Гулайым Узакбаевна |
Қант диабетіне арналған пайдалы белдік |
Байқау барысында жастардың техникалық және кәсіби білімге, жаңашыл жобаларға, зерттеу істеріне қызығушылықтарының жоғары екені байқалды.
Облыстық байқаудың жеңімпаздарын құттықтаймыз!