2023 жылы15 қараша күні Әйтеке би ауданы "М.Жұмабаев атындағы жалпы білім беретін мектебі" КММ-нің орыс тілі және эдебиет пәнінің мұғалімі Аманшеева Агила Жумыргожаевнаның шығармашылық есебі өтті.Ақтөбе облыстық әдістемелік орталығының бөлім басшысы А.М.Наренованың ұйымдастыруымен өткізілген іс-шараға Ақтөбе,Хромтау,Әйтеке би аудандарының орыс тілі және әдебиет пәнінің мұғалімдері қатысты. Аманшеева А.Ж.шығармашылық есебінің аясында "Орыс тілі және әдебиет сабағындағы оқытудың белсенді формалары мен әдістері"тақырыбында шебер-класс өткізді.Шебер-класс барысында "Модель Фрайер"графикалық органайзер әдісін орыс тілі және әдебиет сабағында қолданылуы көрсетілді.
Практикалық бөлімде шебер-класқа қатысушылар жеке,жұптық және топтық жұмыстарды түрлі цифрлық платформалар арқылы орындады. Іс-шараға қатысушылар графикалық органайзерлерді қолдану оқушылардың жазба және ауызекі тілдерін дамытуға тиімді әдіс екеніне көз жеткізді.Рефлексия "Padlet "платформасы арқылы алынды.Шебер-класс өз мақсатына жетті.
Аманшеева А.Ж."Два голоса одной эпохи" тақырыбында кластан тыс шара өткізді. Шара әдеби қонақ бөлме формасында А.Ахматова және М.Цветаеваның шығармашылығы бойынша бойынша ұйымдастырылды.Кластан тыс шарада 11"А" класс оқушылары екі ақынның өлеңдерін оқып,әндерін орындады.Залдың безендірілуі, оқушылардың киім үлгілері, А.Ахматова және М.Цветаеваның шығармаларының таныстырылымы орыс әдебиетінің "күміс дәуірінің" рухын жеткізді.Шығармашылық есепке қатысушылар А.Ж Амашееваның педагогикалық шеберлігін атап өтті.