«Шағын жинақты мектептерде сапалы білімге қолжетімділікті қамтамасыз ету» республикалық семинар-кеңесі аясында  химия пәнінің секциялық отырысы  «Кемел Білім» мектеп-интернатының базасында өтті.

Алғыс айту күніне орай ұйымдастырылған семинар қатысушыларын «Айкөркем» би тобының өнерімен қарсы алып, «Жақсы  көңіл-күй – жанға сая» тақырыбында тренинг  ұсынды.

Секциялық отырыста виртуалды педагогтеріміз өз іс-тәжірибелерімен бөлісті.

 Критериалды бағалау жүйесі бойынша жұмыс алгоритмі, оны қолдану жолдары, бағалау критерийлері негізінде оқушылардың оқу нәтижелері туралы іс-тәжірибесімен Хромтау ауданы №6 Хромтау гимназиясының химия пәні мұғалімі Жанна Сүйеуова «Критериалды бағалау жүйесін химия сабағында пайдаланудың тиімділігі» тақырыбында шебер-сынып өткізді.

 «Қашықтан оқытуда тиімді әдіс-тәсілдерді қолдану» тақырыбында М.Құсайынов атындағы Ақтөбе облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған лицей-интернатының химия пәні мұғалімі Клара Сердалина өткізген коучингте тыңдаушыларды сыни ойлауға жетелеп, аудиториямен топтық жұмыстарға тарта білді.

Ақтөбе облыстық мамандандырылған физика-математикалық лицей-интернатының химия пәні мұғалімі Ардақ Рамазанова «Химия пәнін қашықтан оқытуда қолданылатын кері байланыс түрлері» тақырыбында тренинг жүргізді. Сонымен қатар,  Хромтау ауданы  №3 Хромтау орта мектебінің химия пәні мұғалімі Гүлжанат Мусина  «Электролиз» тақырыбында панорамалық сабақ өткізіп, сабақ  басында wordwall.net/ru платформасы арқылы «Кездейсоқ дөңгелек» ойыны жүргізіліп, «Суреттер сөйлейді» әдісі  арқылы  жаңа  сабақты ашу мақсатында  ой қозғау сұрағын оқушылармен ұжымдық талқылау жасады.

Секция отырысына қатысқан химия пәні мұғалімдеріне Ақтөбе облыстық ғылыми-тәжірибелік орталығы психологиялық-әлеуметтік қолдау бөлімінің әдіскері, п.ғ.магистрі Медеухан Жасжанова фасилитация  жүргізді.

Шара соңында кері байланыс жүргізіліп, қатысушылар жылы лебіз тілектерін жеткізді.

Секция отырысы Ақтөбе қаласы Қаныш Сәтбаев атындағы орта мектеп-лицейіндегі облыс оқушыларының шығармашылық жұмыстарының көрмесі мен тарихи-өлкетану мұражайына экскурсиямен жалғасып, өңірден келген қонақтар қаламыздың көрнекті жерлерімен танысты.

FaLang translation system by Faboba

ПАЙДАЛЫ САЙТТАР

Қазақстан Республикасының мемлекеттік мекемелерінің пайдалы сайттары

client 1 client 1 client 1 client 1