2023 жылғы 4 сәуір күні «Асыл Мирас» autism-орталығының негізінде Дүниежүзілік аутизм туралы ақпараттандыру күніне арналған облыстық семинар-практикум өтті.
Семинарға Ақтөбе қаласының педагог-ассистенттері мен дефектолог мамандары қатысты.
Орталық директоры А.Испанова мекеме жұмысының ерекшеліктеріне тоқталып кетті. «Асыл Мирас» autism-орталығының мамандары 6 интервенциялық бағыт бойынша (ерте қолдау, оқу дағдыларын дамыту, өмірлік дағдыларды дамыту, интенсивті курс, әлеуметтік дағдыларды дамыту, jasper) жұмысын көрсетті.
Шара барысында қатысушылар балаларды ынталандыру, сенсорлық интеграцияны қолдану жолдарын қарастырды.
Жиын соңында қатысушыларға тақырып бойынша пайдалы ұсыныстар беріліп, қатысушылар ұйымдастырылған шараның құндылығын атап өтіп, алғыстарын білдірді.