Ақтөбе облыстық ғылыми - тәжірибелік орталығы және Әйтеке би аудандық балалар саз мектебінің ұйымдастыруымен балаларға қосымша білім беру бағдарламаларын іске асыратын ұйымдардың вокал класының оқытушылары мен оқушылары арасында  «Егемен ел  әуені» атты патриоттық әндер облыстық байқау  өтті.

Байқаудың мақсаты: 

- мектеп жасындағы өнерге қабілетті дарынды балалар мен ұстаздарды анықтау, оқытушылардың тәжірибе алмасу мақсатында орындаушылық және кәсіби шеберлігін арттыру.

- балалар бойындағы шығармашылыққа деген талпынысты арттыру, олардың дамуына қолдау көрсету;

- өскелең ұрпаққа рухани байлығымызды дәріптеу, ұлттық тәлім-тәрбиені жастардың бойына сіңіре отырып, эстетикалық сана-түйсінігінің терең қалыптасуына, ізгілік пен адамгершілікке баулу;

- ұлтымыздың мәдени өнер саласындағы жетістіктерін насихаттап, оның өркендеуіне ықпал жасау.

Байқауға барлығы 19 қатысушы қатысты. Нәтижесінде:

Бас жүлде - Болат Ерасыл, Кенжеғарұлы Олжас —Ырғыз ауданы, Ырғыз өнер мектебі.

І орын - Утегулова Динара,Мұрат Айбибі, Ақтөбе қаласы,№ 1 балалар музыка мектебі.

ІІ орын - Ургеншбаева Айгуль, Алпамысова Жұлдызай Ақтөбе қаласы, «Қалалық оқушылар Сарайы» МКҚК

ІІ орын -Тәжімағанбетова Ақбота,Бақбергенова Диляра Байғанин ауданы, Бәкір Тәжібаев атындағы балалар Саз мектебі.

ІІІ орын - Нуркенова Нұрсәуле,Жарылқанова Наргиз,Мартөк ауданы,Қ.Медетов атындағы балалар өнер мектебі.

ІІІ орын - Құдайбергенов Ерболат,Сырлыбаев Біржан,Мұғалжар ауданы,Жем қалалық, №3 аула клубы.

ІІІ орын - Ешпағанбетова Әсемгул,Қайнарбаева Аяулым,Темір ауданы, Шұбарқұдық балалар музыка мектебі.

 

«Шығармашылық жұп» номинациясы - Қадіров Қасымбек,Мұхаметқалиева Нармин - Әйтеке би ауданы,Әйтеке би аудандық балалар Саз мектебі.

«Креативті жұп» номинациясы - Симанова Айнагуль,Батырхан Еркеназ, Алға қаласы, Алға балалар өнер мектебі.

«Сымбатты жұп» номинациясы -Бисембаева Ару,Ивахова Варвара,Қарғалы ауданы, Қарғалы аудандық балалар өнер мектебі.

«Көңілді жұп» номинациясы - Иманғазина Шолпан,Жалғасбай Гүлбақыт,Қобда ауданы, Қобда аудандық балалар өнер мектебі.

«Көрермен көзайымы» номинациясы -Тельман Досжан,Қайдарбекұлы Нұрислам,Ақтөбе қаласы, №2 музыка мектебі.

«Өнерлі жұп» номинациясы - Балмағамбет Нұрайлым,Серік Нұрасыл,Темір ауданы,Кеңқияқ музыка мектебі.

 

Байқауға әділ бағасын берген әділқазылар алқаларының құрамы:

Омаров Нұртас - Ғ.Жұбанова атындағы Ақтөбе облыстық филармониясының шығармашылық жөніндегі орынбасары, ҚР-ның «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты,ҚР мәдениет саласының үздігі 

Нұрқасымова Жұлдыз Мұхаметжанова- Ғазиза Жұбанова атындағы облыстық филармония әншісі,Ахмет Жұбанов атындағы музыкалық колледж ұстазы.

Абдирова Ғазиза Алпысбаевна-Құдайберген Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті кәсіби шығармашылық факультеті музыка және хореография кафедрасының оқытушысы

Наргеева Айнур Маликовна-Ақтөбе облыстық ғылыми-тәжірибелік орталығының әдіскері

Берсугирова Шолпан Мазбвевна-Әйтеке би аудандық балалар Саз мектебінің директоры,вокал класының оқытушысы

Патриоттық әндер байқауының соңында, барлық қатысушылар диплом және естелік сыйлықтармен марапатталды.

FaLang translation system by Faboba

ПАЙДАЛЫ САЙТТАР

Қазақстан Республикасының мемлекеттік мекемелерінің пайдалы сайттары

client 1 client 1 client 1 client 1