Халықаралық Жазушылар Одағының мүшесі, Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі М.Қабижанұлы, «Бақытыңды балаңнан ізде», Ақтөбе көпсалалы АГУ Тарлан колледжінің ата-аналар комитетінің төрайымы М.С.Калиева, «Колледж бен отбасы ынтымақтастығының жасөспірімдер тәрбиесіндегі рөлі» тақырыптарында ақыл кеңестерімен бөлісті.
Ақтөбе облыстық ғылыми-тәжірибелік орталығының ТжКББ бөлімінің әдіскері Б.Ж.Нурмолдина, «Бала тәрбиесі баршаға ортақ», Ақтөбе көпсалалы АГУ Тарлан колледжі директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Н.Ж.Омар, «Бала тәрбиесіндегі ата-ана мен колледж ынтымақтастығы», колледждің әлеуметтік педагогы С.Н.Куанышова «Тәрбие-студент тұлғасын қалыптастыратын қозғаушы күш», тақырыптарында ТжКББ ұйымдарындағы топ кураторларының жұмысын жандандыру, ата-аналармен тығыз байланыс орнату, студенттерге толыққанды білім мен тәрбие алуға жағдай жасау керектігіне тоқталды. Сонымен қатар, тәрбие сағаттарын ұйымдастырудың бағыттары мен сабақ барысында қолданылатын технология түрлері туралы айтылды.
Тәжірибелік бөлімде ашық тәрбие сағатын колледждің топ жетекшісі С.Е.Баймұратов, «Ата-ана мен мұғалім - жасөспірімнің өз жолын дұрыс таңдауындағы басты бағдаршамы», ашық алаңнан үзінді топ жетекші Н.М. Худайбергенов, «Колледж-студент-отбасы», шебер кластан үлгі көрсетуде колледж әдіскері, топ жетекші С.С.Бикешева, «Тату отбасы, бақытты бала-мемлекеттің сенімді іргетасы» тақырыптарында іс-тәжірибелерімен бөлісті.
Колледж психологі А.А.Курмантаева «Отбасы және колледж ынтымақтастығы» тақырыбында тренинг өткізіп, кеңес берді. Шара соңында ашық диалогтық алаң құрылып, ұсыныстар қабылданып, шара қорытындыланды.