Ақтөбе облысының білім басқармасымен Ақтөбе облыстық ғылым тәжірибелік орталығының ұйымдастыруымен «Балалардың жазғы демалысын тиімді ұйымдастырудың жолдары» атты семинар өтті.
Шараға облыстағы балалардың жазғы демалысын ұйымдастыруға қатысатын мекемелер өкілдері, Ақтөбе облысы білім басқармасының мамандары, Ақтөбе облыстық ғылыми-тәжірибелік орталығының әдіскерлері, қалалық, аудандық білім бөлімінің басшылары, білім бөлімінің балаларға қосымша білім беру және жазғы демалыс жұмысына жауапты мамандар мен әдіскерлер, жалпы білім беретін мектеп директорлары, қосымша білім беру ұйымдарының директорлары, қала сыртындағы лагерлер өкілдері, барлығы 400 адам қатысты.
Семинарды Ақтөбе облыстық ғылыми-тәжірибелік орталығының директоры Ж.Д.Нургалиева алғы сөз сөйлеп, облыстық семинардың бағдарламасы мен мақсатын таныстырып, спикерлерге сәттілік тіледі.
Семинар барысында тыңдалды:
«Жазғы сауықтыру ұйымдарының дайындығын бақылауды жүзеге асыру бойынша мәселелі сұрақтар және тағамнан уланудың алдын-алу, санитариялық қағидалар талаптарын сақтау туралы туралы»
Ршауова Лаура Адилхановна, Ақтөбе облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің білім беру және тәрбиелеу объектілерін бақылау және қадағалау бөлімінің басшысы
«Теміржол бойында және жолаушылар поездарында оқыс оқиғаларды болдырмау яғни жасөспірімдердің қауіпсіздігін алдын-алу шаралары»
Елеусізов Айтұрған Нұрдаулетұлы, Ақтөбе станциясындағы желілік полиция бөлімі әкімшілік полиция бөлімшесінің бастығы
«Жазғы маусым кезіндегі құқық бұзушылықтың алдын- алу шаралары»
Мукумов Нұржан Алпысбаевич, Ақтөбе облысы Полиция департаменті Жергілікті полиция қызметі басқармасының Ювеналдық полиция тобының ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы, полиция подполковнигі
«Ақтөбе облысының су айдындарында балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету»
Тулепбергенов Жанболат Нұрланұлы, Ақтөбе облысының ТЖД Азаматтық қорғау басқармасының офицері капитаны
«Жазғы демалыс кезінде өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау және алдын-алу шаралары»
Жұмабаев Азамат Бауыржанұлы, Ақтөбе облысының ТЖД-нің мемлекеттік өрт бақылау басқармасының бас маманы, азаматтық қорғау аға лейтенанты
«Балалар еңбегін қанауға қарсы 12 күн іс-шараны өткізу туралы»
Нурманова Амина Мадиевна, Ақтөбе облысының білім басқармасы Балалардың құқықтарын қорғау,қорғаншылық, қамқоршылық және арнайы білім беру бөлімінің бас маманы
«Қала сыртындағы сауықтыру кешенде оқушылардың жазғы демалысын және бос уақытын тиімді ұйымдастыру түрлері» (жұмыс тәжірбиесінен)
Ташпентаев Айболат Ғалымұлы, «Campit» қала сыртындағы сауықтыру кешенінің директоры
«Баланың психологиялық денсаулығын қалыптастырудағы әр ересектің жауапкершілігі»
Тоқсанбаева Арайлым Амангелдіқызы, Ақтөбе облыстық ғылыми- тәжірибелік орталығының педагог-психологі,магистр
«Жалпы орта білім беретін және қосымша білім беру ұйымдарында жаз мезгіліндегі балалардың бос уақытын тиімді пайдалану»
Кубеева Малика Сакеновна – Шалқар аудандық білім бөлімінің әдіскері
«Мектеп жанындағы лагерде оқушылардың жазғы демалысын және бос уақытын тиімді ұйымдастыру түрлері» (жұмыс тәжірбиесінен)
Аймурзина Гульназ Аскаровна - Ақтөбе қаласы, «Фариза Оңғарсынова атындағы №41 мектеп-гимназиясының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары
Семинар барсында балалардың жазғы демалысын тиімді ұйымдастырудың жолдары туралы түсінік беру, кешенді жұмыстар жүргізу бойынша теориялық білімдерін тереңдету, бағыт-бағдар беру, әдістемелік нұсқау көрсету және іс-тәжірибе бөлісу мақсатында спикерлер туындайтын сұрақтар мен мәселелер бойынша кеңестер берді.