2022 жылы 5 желтоқсан күні көркем еңбек пәні мұғалімдеріне арналған «Көркем еңбек пәнінде оқушылардың ұлттық қолөнерін дамыту арқылы ғылыми жобаларға дайындау жолдары» тақырыбындағы шебер – класс өтті. Шебер - кластың жетекшісі Ырғыз ауданы, М.Төлегенов атындағы ЖОББМ көркем еңбек пәні мұғалімі, Ш.Дүйсенқұлова.
Шара психологиялық тренингпен басталып, қатысушылар жүргізілген жаттығулар арқылы жеке және топтық жұмыстарға бейімделді.
Шараның мақсаты ұлттық қолөнердің заманауи түрлері бойынша оқушыларды ғылыми жобаларға дайындау жолдарымен таныстыру.
Шебер кластың тақырыбына сай тұмардың түрлері: тұрмыстық тұмар, сәндік тұмар, дәстүрлік тұмарлардан ұйымдастырылған көрме қатысушылардың қызығушылығын оятты.
Шебер класқа Ақтөбе облыстық ғылыми-тәжірибелік орталығының әдіскері Балзия Туржанова қатысып, көркем еңбек пәнінде ұлттық қолөнерді дамыту арқылы ғылыми жобаларға дайындау бүгінгі күннің заманауи сұраныстары екеніне тоқталды.
Шараның соңында рефлексия жүргізіліп, қатысушылар алған әдіс-тәсілдері бойынша өз жұмысына және топтың жұмыстарына баға берді.