Қазанғап Тілепбергенұлы атындағы Шалқар ауданының саз мектебінің 50 жылдық іс-тәжірибесін тарату және рухани-мәдени бағыттағы жұмыс нәтижелерін насихаттау, саз мектебінің бүгінгі және келешектегі тыныс-тіршілігін кеңейту, рухани қажеттілігін айқындау мақсатында «50 жыл – 50 іс-шара» жоспарына сәйкес «Өнер ордасына 50 жыл» атты шығармашылық концерт өтті.Шалқар ауданының әкімі Жидеханов Жанболат Өтеғұлұлы, Ақтөбе облыстық ғылыми-тәжірибелік орталығының әдіскері Нарегеева Айнур Маликовна, Шалқар аудандық білім бөлімінің бас маманы Мурсалова Лаура Аманғалиқызы және Шалқар аудандық Кәсіподақ ұйымының төрайымы Құлекенова Гүлсайран Тәкібайқызы құттықтау сөз сөйлеп, білім беру жүйесінде адал еңбегі мен ұстаздық міндетін абыроймен атқарып, оқушыларға өнегелі тәрбие мен сапалы білім берудегі жетістіктері және қоғамдық өмірге белсене қатысқаны үшін мектеп оқытушыларын Республикалық қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығының,Ақтөбе облыстық білім басқармасының,Ақтөбе облыстық ғылыми-тәжірибелік орталығынің, Шалқар аудандық білім бөлімінің Алғыс хатымен, Қазақстандық оқу-ағарту, ғылым және жоғары білім қызметкерлерінің салалық кәсіподағының, облыстық және аудандық кәсіподақтың Құрмет грамотасымен марапаттады.

Шара барысында мектеп тарихынан сыр шертетін жас ұстаздардың орындауындағы қойылыммен бастау алып, дәстүрлі ән сыныбы оқытушыларының жыр шашуымен жалғасын тапты. «Мұрагер» оқушылар оркестрі, «Кербез қыз» жетігеншілер ансамблі, сырнайшылар, қобызшылар, үш ішекті аспаптар ансамблдері, «Самғау» домбырашылар ансамблі, фольклорлық ансамбль, вокал класының оқушылары, «Айналайын» балалар хоры, мектеп түлектері мұғалімдер оркестрі, №5 мектеп-лицейінің би тобы және Шалқар аудандық Оқушылар сарайының «Салтанат» би тобы және 50 жылдыққа арнайы құрылған 50 домбырашы өз өнерлерін көрсетті.

FaLang translation system by Faboba

ПАЙДАЛЫ САЙТТАР

Қазақстан Республикасының мемлекеттік мекемелерінің пайдалы сайттары

client 1 client 1 client 1 client 1