2023 жылдың 10 наурыз  күні  Ақтөбе облыстық ғылыми-тәжірибелік орталығының  жоспарына сәйкес №51 гимназия базасында ұйымдастырылған "Заманауи педагогикалық технологияларды енгізу арқылы дене шынықтыру пәні мұғалімдерінің кәсіби құзыреттіліктерін қалыптастыру және дамыту" тақырыбында облыстық тәжірибелік семинары  өтті.

Семинарға  АОҒТО әдіскері Жумабаева Ж.Т.,  облыстың дене шынықтыру пәні мұғалімдері және  №37 ЖББОМ, №42 ЖББОМ серіктес мектептерінен  дене  шынықтыру мұғалімдері қатысты.

Семинар мақсаты: оқыту үдерісінде заманауи педагогикалық технологияларды қолдану бойынша дене шынықтыру пәні мұғалімдерінің іс-тәжірибесімен бөлісу.  Семинардың ұйымдастыру бөлімінде №51 гимназия директоры Г.Ж. Дарибаева семинарды ашып,  әріптестеріне  сәттілік тіледі.  АОҒТО әдіскері Жумабаева Ж.Т. семинар тақырыбының өзектілігі және өзара кәсіби қолдау бүгінгі таңда ең маңызды үдеріс екенін айтып өтті.  Директордың әдістемелік жұмысы жөніндегі орынбасары Дарменова Б.Д.  гимназияның тынысымен  таныстырды.

Семинардың теориялық бөлімі дене шынықтыру пәні мұғалімі, педагог-зерттеуші Срымова Б.Ж. «Оқыту мен оқу процесін жақсарту үшін Lesson Study» тақырыбындағы  таныстырылымында теориялық мағлұмат беріп, өз тәжірибесімен бөлісті. Семинардың практикалық бөлімінде  дене шынықтыру пәні мұғалімдері Есқарин С.Ж., Срымов М.С.,  Мырқымбай І.Қ., Қарлыбаев Қ.Қ., Дабылдин Ж.Н. панорамалық сабақтар тізбесін жүргізді. АӘТД пәні мұғалімі Жұмағамбетов Б.С., Ордабаев Ж.Н., Тілеуқабылов О.Б. сабақтан тыс іс-шараларды өткізді.  Рефлексия барысында семинарға қатысқан әріптестер өз алғыстарын білдіріп, оң пікірлерін айтты. №51 гимназияның дене шынықтыру пәні мұғалімдері облыстық деңгейде өз іс-тәжірибелерімен бөліскендері үшін мадақтамалармен марапатталды.

 

FaLang translation system by Faboba

ПАЙДАЛЫ САЙТТАР

Қазақстан Республикасының мемлекеттік мекемелерінің пайдалы сайттары

client 1 client 1 client 1 client 1