Ақтөбе қаласы №22 ОМ КММ-ң шығармашылық тобының ұйымдастыруымен «Оқушылардың мектептегі жобалық іс-әрекеті» тақырыбында шығармашылық шеберханасының алғашқы отырысы өтті.
Шеберхана отырысын Ақтөбе облыстық ғылыми-тәжірибелік орталығының әдіскері Б.С.Туржанова алғы сөзбен ашып жоспарымен таныстырды.
Шараның жоспары бойынша:
• №22 ОМ КММ әдістемелік жұмыстың коодинаторы, магистр Г.Т. Алипова қатысушылармен психологиялық тренинг өткізіп, мұғалімдердің заманауи талаптарға сай оқушылардың мүмкіндіктерін анықтау жаттығуларының түрлерімен таныстырды.
• №22 ОМ КММ директордың оқу-әдістемелік ісі жөніндегі орынбасары, магистр, педагог-зерттеуші Л.С. Кудайбергенова «Жоба және жобалық іс-әрекет дегеніміз не?» тақырыбында теориялық ойларымен бөлісті.
• Тарих пәні мұғалімі педагог-зерттеуші Б.М. Бекбосынова және көркем еңбек пәні мұғалімі педагог-сарапшы С.Ә Шарапқанова «Жобалардың типологиясы және классификациясы” тақырыбында практикалық жұмыстарымен бөлісті.
• Химия-биология пәні мұғалімі педагог-зерттеуші Л.В Дамирова және қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі педагог-зерттеуші Шамғонова А.А. «Жобалар әдісінің негізгі кезеңдері” тақырыбында жобалық жұмыстар бойынша қатысушылармен бірге практикалық жұмыстар жасады.
Шараның соңында қатысушылар практикалық жұмыстан алған әдіс –тәсілдерін пайдалана отырып, жобаларын қорғады. Сұрақ-жауап арқылы рефлексия жасалып, бүгінгі тақырыптың құндылығына тоқталды.
Құрылған топтар бойынша (химия-биология, тарих, көркем еңбек, қазақ тілі мен әдебиеті және психологиялық бағытта) жобалардың алгоритімін пайдалана отырып жұмыстарды өз мектептерінде жалғастыру тапсырылды.