Ақтөбе облыстық ғылыми-тәжірибелік орталығының ұйымдастыруымен 2022 жылғы 7 желтоқсанда Ақтөбе қаласының №9 орта мектеп-гимназиясында «Бастауыш сынып оқушыларының оқу сауаттылығын дамыту негізінде базалық құндылықтарды қалыптастыру» тақырыбында облыстық семинар-практикум өткізілді.

Семинар-практикум жұмысы Ақтөбе облыстық ғылыми-тәжірибелік орталығының әдіскері Светлана  Жубаеваның кіріспе сөзімен ашылды.

Мектеп әдіскері Майрагул Абылхатова семинар қатысушыларымен «Біздің көңіл-күйіміз» атты тренинг өткізді. Директордың оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Антонина Янченко «Оқитын мектеп» жобасының іске асырылуы туралы айтса, «Оқу сауаттылығын дамыту негізінде базалық құндылықтарды қалыптастыру» бағытында жүргізіліп жатқан жұмыстар төңірегінде Айман Бисингалиева мен Виктория Романова презентация жасады.

Семинардың практикалық бөлімінде тәжірибелі бастауыш сынып мұғалімдері М.Абылхатова, Т.Мирук, О.Штукина, А.Бисингалиева сабақтар берді. Сабақтан тыс шараларында К.Калкенова, Н.Климович оқушылардың оқу дағдыларын көрсетіп, патриотизмге, құрметке, сезімталдыққа, ынтымақтастыққа тәрбиелеп, пәнді оқуға деген ынтасын арттырды.

Бастауыш оқыту кафедрасының барлық мұғалімдері облыстық семинарға белсене қатысты.

Шеберлік сабақтарын көрсеткен мұғалімдер Р.Бупина, В.Дүйсенова, М.Калкенова, А.Омарханова, В.Пугач, М.Агапий, А.Санаева мәтінмен жұмыс істеудің қызықты тәсілдерін көрсетті. Семинар соңында О.Штукина, М.Хайченко қызықты рефлексия өткізді.

         Қорытынды бөлімінде қатысушылар семинардың өзектілігі мен практикалық бағыты жөнінде, ұсынылған материалдың сапасы мен тереңдігі, ашық сабақтар мен сабақтан тыс шараларды дайындаған педагогтердің шебер кәсібилігін  атап өтті.

Ақтөбе облыстық ғылыми-тәжірибелік орталығының әдіскері С.ОО.Жубаева

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

FaLang translation system by Faboba

ПАЙДАЛЫ САЙТТАР

Қазақстан Республикасының мемлекеттік мекемелерінің пайдалы сайттары

client 1 client 1 client 1 client 1