2022 жылғы 6 - қазанда Ақтөбе облыстық ғылыми-тәжірибелік орталығының жоспарына сай Ақтөбе облыстық мамандандырылған физика-математикалық лицей-интернаты мұғалімдерінің қатысуымен «Математика, физика пәні мұғалімдерінің шығармашылық әлеуетін қалыптастыру» тақырыбында семинар-практикум болып өтті. Семинарға 30 – ға тарта математика және физика пәні мұғалімдері қатысты.
Іс-шараны мектепке дейінгі және жалпы орта білім беру бөлімінің әдіскері Ғ.Байсейтова алғы сөзбен ашты.
Семинардың практикалық бөлімінде Ақтөбе облыстық мамандандырылған физика-математикалық лицей-интернатының математика пәні мұғалімі О.А.Саржанов «Екі айнымалысы бар теңдеулер мен теңсіздіктер жүйесі» тақырыбында сөз алып, теңдеулер мен теңсіздіктер жүйесін шешудің оңтайлы әдістерін көрсетті.
Физика пәні мұғалімі Б.Ж. Бозшин «Қисықсызықты қозғалыс» тақырыбында сөз алып, есеп шығарудың тиімді әдістерін көрсетті. Математика пәні мұғалімі Е.Арызахметов «Векторларға амалдар қолдану” тақырыбында ашық сабақ көрсетсе, «Активті және реактивті кедергілерден тұратын айнымалы тоқтың тізбегінің заңы» туралы айтып, физика пәні мұғалімі Б.Ж.Есенғали зертханалық жұмыс көрсетті.
Сонымен қатар математика пәні мұғалімі М.А.Нажмадинов «Диофант теңдеулерін шешу әдістері, директордың бейін ісі меңгерушісі К.С.Советбаева «Мұғалімдердің зерттеу қызметі» тақырыбында шебер – кластар көрсетті.
Семинар соңында қатысушылар ойларын ортаға салып, өзара пікір алмасты.
Мектепке дейінгі және жалпы орта
білім беру бөлімінің әдіскері Ғ.Байсейтова