Ақтөбе облыстық ғылыми-тәжірибелік орталығының жоспарына сәйкес «Ш.Құдайбердіұлы атындағы №66 ЖББОМ» КММ математика пәні мұғалімі Умирбаева Мария Утебаевнаның жетекшілігімен «Сапалы білім беруде интербелсенді әдіс-тәсілдерді тиімді пайдалану жолдары» тақырыбында облыстық педагогикалық шеберхананың үшінші отырысы өтті.

   Мақсаты: Математика сабақтарында оқушылардың пәнге қызығушылығын, белсенділігін  және білім сапасын арттыруда оқытудың интербелсенді әдіс-тәсілдерін қолдануда педагогикалық тәжірибені жетілдіру.

   Облыстық ғылыми-әдістемелік орталығының әдіскері Алманова Ақмарал Маратқызы мен мектеп директоры Калыбаева Задагул Боранбаевна алғы сөзімен бастады.

   Жоспарға сәйкес «Бірінші ретті, екінші ретті тамаша шектер» тақырыбында шебер класты Умирбаева Мария Утебаевна өткізді.Шебер класс мақсаты Білім берудің жаңартылған мазмұны жағдайында математика сабақтарында бірінші ретті, екінші ретті тамаша шектерді шешудің тиімді жолдары туралы тәжірибе алмасу.

    Ш.Құдайбердіұлы атындағы №66 ЖББОМ математика пәні мұғалімдері Утегенова Жадра Маратбаевна 5 «А» сыныбында «Ондық бөлшекті натурал санға көбейту. Ондық бөлшектерді көбейту» тақырыбында, Жалауова Динара Дарханқызы 9  «А» сыныбында «Тригонометрия формулалары» тақырыбында  интербелсенді әдіс-тәсілдерді қолданып, сабақтарын өткізіп, өз тәжірибелерімен бөлісті.

   Өткізілген іс-шараларға аудан мұғалімдері қатысып, ойларын ортаға салып, өзара пікір алмасты.

FaLang translation system by Faboba

ПАЙДАЛЫ САЙТТАР

Қазақстан Республикасының мемлекеттік мекемелерінің пайдалы сайттары

client 1 client 1 client 1 client 1