Тарих пәні ассоциациясының жоспарына сәйкес «АКТ мүмкіндіктері арқылы тарих сабағын жаңаша ұйымдастыру» тақырыбында облыстық семинар-практикум өтті.
Педагогтердің пәнді тиімді оқыту құралы ретінде заманауи АКТ және онлайн-сервистермен таныстыру арқылы мұғалімдердің құзыреттіліктерін арттыру мақсатында ұйымдастырылды.
Семинар-практикум барысында Темір ауданы Шұбарқұдық гимназиясының тарих пәні мұғалімі Куанова Жумазия Кафизовна «Mozaik_education бағдарламасы арқылы тарихи орындарға виртуалды саяхат ұйымдастыруды SAMR моделімен дамыту» тақырыбында өз іс-тәжірибесімен бөлісті.
Мәртөк ауданы Жайсаң орта мектебінің тарих пәні мұғалімі Омарова Мадина Шакиратовна 3d анимациялық презентациялар мен бейнероликтер жасау әдістерімен таныстырды.
Ақтөбе қаласы Мұзафар Әлімбаев атындағы №25 орта мектептің тарих пәні мұғалімі Утепбергенова Гульмайра Кенжегариевна «Онлайн-сервисы как инструмент повышения качества» атты тақырыбында өз тәжірибесін көрсетті.
Мұғалімдердің шығармашылық жұмыстары әріптестерге АКТ-ның жаңа мүмкіндіктері арқылы тарих сабақтарын заманауи тәсілдерімен ұйымдастыруға және оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыруға бағытталды.
Орындаған: А.А.Искендирова, АОҒТО әдіскері, п.ғ.м.