Қазанғап Тілепбергенұлы атындағы Шалқар ауданының саз мектебінің 50 жылдық іс-тәжірибесін тарату және рухани-мәдени бағыттағы жұмыс нәтижелерін насихаттау, саз мектебінің бүгінгі және келешектегі тыныс-тіршілігін кеңейту, рухани қажеттілігін айқындау мақсатында «50 жыл – 50 іс-шара» жоспарына сәйкес Қазанғап күйлерін насихаттаушы, сазгер, домбырашы Сәдуақас Балмағанбетов атындағы кабинет ашылды. ҚР мәдениет қайраткері, Темірбек Жүргенов атындағы қазақ ұлттық өнер академиясының «Дәстүрлі музыкалық өнер» кафедрасының доценті, ҚР мәдениет қайраткері, домбырашы, күйші-зерттеуші – Әбуғазы Мұрат Қазенұлы, Шалқар аудандық білім бөлімінің әдістемелік-құрылымдық бөлім меңгерушісі Құдайбергенов Жанайдар Сәндібекұлы екеуі салтанатты түрде кабинет лентасын қиды. Кабинеттің ашылуына себепкер болып, демеушілік көрсеткен Қазанғап Тілепбергенұлы атындағы Шалқар ауданының саз мектебінің домбыра класының оқытушысы, қазанғаптанушы, «Ерен еңбегі үшін» медалі иегері, «Мәдениет саласының үздігі» төсбелгісі иегері – Жанаманов Нұрболат Әдіманұлы Сәдуақас Балмағанбетовтың өмірі мен шығармашылығы туралы айтып өтіп, қонақтарды кабинетпен таныстырды.

FaLang translation system by Faboba

ПАЙДАЛЫ САЙТТАР

Қазақстан Республикасының мемлекеттік мекемелерінің пайдалы сайттары

client 1 client 1 client 1 client 1