Ақтөбе облыстық ғылыми-тәжірибелік орталығының жоспарына сәйкес Ақтөбе қаласы «№1 балалар музыка мектебі» МКҚК-ның ұйымдастыруымен балаларға қосымша білім беру бағдарламаларын іске асыратын ұйымдардың домбыра, қобыз класының оқытушылары, ансамбль жетекшілеріне арналған  «Қазақтың ұлттық музыка өнері арқылы оқушыларға тәрбие беру» тақырыбында облыстық шебер-класс өтті. Шараға 70-тен астам педагогтер  қатысты.

Ақтөбе облыстық ғылыми - тәжірибелік орталығының бөлім  әдіскері А.М.Нарегеева және «№1 балалар музыка мектебі» МКҚК-ның директоры  Л.Н.Исаналина сөз сөйлеп, облыстық шебер-кластың бағдарламасы мен мақсатын таныстырып, шебер-класс өткізушілерге сәттілік тіледі.

   Шебер-класс барысында Хамзин Талап Едилханулы, ҚР мәдениет саласының үздігі, Күйшілер одағы қоғамдық бірлестігінің Ақтөбе облысы бойынша жетекшісі, №1 Балалар музыка мектебінің домбыра  класының оқытушысы «Балаларға күйлердің 7 мектебін үйрету әдістері»               Таубекова Дамели Койшыгуловна, ҚР Білім беру ісінің құрметті қызметкері, ҚР мәдениет саласының үздігі, «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне  20 жыл» мерекелік медалі иегері, №1 Балалар музыка мектебінің қобыз  класының оқытушысы, педагог зерттеуші «Қобыз аспабында дыбыс жасау дағдыларын қалыптастыру»,Асылханов Жайлаубай, ҚР еңбек сіңірген қайраткері,ҚР Білім беру ісінің құрметті қызметкері, Қазанғаптанушы,  №1 Балалар музыка мектебінің домбыра  класының оқытушысы «Қазанғап күйлерін жеткізушілер және орындау ерекшеліктері», Ажигалиева Узипа  Ажигалиевна, №1 Балалар музыка мектебінің домбыра  класының оқытушысы, педагог-зерттеуші «Домбыра аспабын үйретуде ойнау шеберлігін арттыру әдісі»,Утешова Улбосын Бегаликызы, №1 Балалар музыка мектебінің қобыз  класының оқытушысы «Қобыз аспабында оқушылардың шығармашылығын дамытуда жаңа оқыту технологияларының маңызы», Зейнелов Бакытбек Жубатканович, Құрмет орденінің иегері, ҚР мәдениет саласының үздігі, №1 Балалар музыка мектебінің ансамбль жетекшісі «Фольклорлық ансамбльмен жұмыс» тақырыбында өз іс-тәжірибелерімен бөлісті.

   Шебер – класқа қатысушылар кері байланыс жасап,өз ойларымен бөлісті.     

    Шебер-класс  жұмысының қортындылау барысында Ақтөбе облыстық ғылыми - тәжірибелік орталығының бөлім  әдіскері А.М.Нарегеева өз іс-тәжірбиелерін шеберлікпен көрсеткен спикерлерді Ақтөбе облыстық ғылыми - тәжірибелік орталығының директорының м.а. Ж.Б.Скакованың атынан алғыс білдірді.

 

 

FaLang translation system by Faboba

ПАЙДАЛЫ САЙТТАР

Қазақстан Республикасының мемлекеттік мекемелерінің пайдалы сайттары

client 1 client 1 client 1 client 1