Ақтөбе облыстық ғылыми-тәжірибелік орталығының тарих пәні мұғалімдері ассоциациясының жоспарына сәйкес 2022 жылғы 2 желтоқсан күні М.Құсайынов атындағы Ақтөбе облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған лицей-интернатта «Тарихтан-тағылым, өткенге тағзым:тарихи дерек және тарихи зерде» тақырыбында облыстық семинар өткізілді.
Семинар-практикум жұмысын ғылыми-тәжірибелік орталығының әдіскері А.Искендирова ашты.
«Тарихтан-тағылым, өткенге тағзым» атты сыныптан тыс тарихи-әдеби қойылымды тарих пәні мұғалімі К.Смадияр мен қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі К.Шугурова ұйымдастырып, өткенге шолу жасап, тарихи кезеңдерде өмір сүрген тұлғалардың болмысын көрсету, олардың есімін кейінгі ұрпаққа аманат ету, сол арқылы жас ұрпақтың бойына отансүйгіштік рухын қалыптастыру мақсатында өткізген шара, тақырыпты аша білді.
Семинардың практикалық бөлімінде тарих пәні мұғалімдері, педагог-зерттеушілер Р.Алматова 8-класс оқушыларына Қазақстан тарихы пәнінен «Қырғыз (қазақ) АКСР-інің құрылуы» және Р.Жұмабай 5-класс оқушыларына «Сақтар туралы тарихи мәліметтер» тақырыптарында ашық сабақтар көрсетіп, өз тәжірибелерімен бөлісті.
Тарих пәні мұғалімі, педагог-зерттеуші А.Кабыланов және № 40 ЖОББМ көркем еңбек пәнінің мұғалімі Г.Мурзалинова «Ұлттық құндылық ерекшеліктерін тарих пәнін оқытуда пайдалану» тақырыбында кіріктірілген шеберлік сынып сағатын өткізді. Оқушылардың қол моторикасын дамыту мақсатында фетрден әр түрлі кәдесыйлар жасалды, жүннен жасалған қазіргі сұраныстағы заттардың көрмесі таныстырылды. Қатысушылар топта белсенді жұмыс жасай отырып, білім алушылардың кіріктірілген сабақтарда алған білімді қолдану, қажетті дағды мен талдау қабілетін қалыптастыру, қызығушылын арттыру және білім алушыларды оқу үдерісінде қолдау, шығармашылық іс-әрекетке бағыттаудағы интеграцияның артықшылығын айқындады.
Мектеп Парламенті ұйымының ұйымдастыруымен «Тәуелсіздік жылдарындағы ҚР ең үздік жетістігін көрсетеді» тақырыбында Р.Алматованың жетекішілігімен Дебат ойынын өткізді. Оқушылардың сөз шеберлігін, өз пікірін анық айтып, дәлел келтіру қабілеттерін дамыта отырып, дебатқа қызығушылығын арттырды.
Ақтөбе облыстық мамандандырылған физика-математикалық лицей-интернаттың тарих пәні мұғалімі Б.Сагингалиева «Тарих сабағында визуальды технологияларды қолдану арқылы оқушылардың танымдық қабілеттерін дамыту» шеберлік сағатын ұйымдастырып, онда визуалды технологиялар арқылы оқушылардың эстетикалық, рухани тұрғыда әсер алып, олардың тұлғалық және сапалық қасиеттерін дамыту арқылы тарих сабағында тиімділігін теориялық және тәжірибелік тұрғысынан қарастыра отырып, сабақты тартымды, жинақы өткізуге үйретті.
Семинарға қатысушылар үлкен белсенділікпен, қызығушылықпен қатысып, кері байланыс жүргізілді. Алған әсерлерімен бөлісіп, өз ризашылықтарын білдірді.
А.Искендирова, Ақтөбе облыстық ғылыми-тәжірибелік орталығының әдіскері