2022 жылы 23 желтоқсан күні Ақтөбе облыстық ғылыми- тәжірибелік орталығының ұйымдастыруымен Ақтөбе қаласы №8 орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Үшкемпірова Сәуле Бекболатқызының «Сөйлеу әрекетінің түрлерін (тыңдалым, айтылым, жазылым) дамыту жаттығуларын сабақ барысында қолдану» тақырыбындағы облыстық шебер-класының II шебер класы өткізілді.
Отырысқа облыс мектептерінің бастауыш сынып мұғалімдері қатысты. Шебер-класс жұмысы Ақтөбе облыстық ғылыми- тәжірибелік орталығының әдіскері, ф.ғ. магистрі С.Б. Жубаеваның кіріспе сөзімен басталды.
Шебер-кластың мақсаты бастауыш сынып мұғалімдеріне жылдам оқу мен түсініп оқудың тиімділігін арттыратын белсенді оқыту іс-әрекеттерін таныстыру, зейінді шоғырландыру жұмыстарын жүйелі жүргізу арқылы қалыптастыратын сөйлеу әрекетінің түрлерін қысқа мерзімді сабақ жоспарына енгізіп, білім алушылардың оқу сауаттылығын дамытатын әдіс-тәсілдерімен бөлісу.
Шебер-класс «Әріптер сөйлейді» тренингімен басталды. Сәуле Бекболатқызы коучинг барысында білім алушылардың зейінін тұрақтандыратын нейропсихологиялық жаттығулар, тіл-байлықтары мен сөйлеу мәнерін қалыптастыратын «Жаңылдырсаң да жаңылмаймын» сайысы, «Сиқырлы дөңгелек», «Кезбе тілші», «Сөз ойла, тез ойла», «Сөзден сөз шығару», «Сөздік домино» оқыта үйрету ойындарын сабақ барысында ұтымды қолдану жолдарымен таныстырды.
Сөйлеу әрекетінің түрлерін жүзеге асыратын «Тіл дамыту-ой дамыту» тірек сызбасы, «Бәйге сұрақтары», «Кітап оқу», «Диктант» «Көркем жазу» жадынамалары мен қалыптастырушы бағалау жұмыстарын сабақ барысында жүйелі қолдану әдіс-тәсілдерімен бөлісті. Білім алушылардың таным белсенділігі мен пәнге деген қызығушылығын арттыратын «Таңбалы тас», «Білім шыңы», «Өрмекшінің торы» анимациялық дамытушы ойындарымен жұмыстанды. Баланың сөйлеу мәнері мен ойын еркін жеткізу дағдысын қалыптастыратын әдебиеттік оқу пәніндегі мәтіндерді қуыршақ театрымен сахналау өте сәтті шықты.
Шебер-класс соңында «Интерьвю» әдісі арқылы Mentimeter тақтасымен кері байланыс жүргізді.
Ақтөбе облыстық ғылыми-тәжірибелік орталығының әдіскері С.О.Жубаева