Ақтөбе облыстық ғылыми-тәжірибелік орталығының ұйымдастыруымен Ақтөбе өндірістік технологиялар және басқару колледж базасында техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының студенттеріне арналған «Үздік токарь» облыстық кәсіби байқауы өтті. 

Байқаудың таныстыру бөлімінде қатысушы топтар өз креативтіліктерін, тестілеу бөлімінде теориялық білімдерін және  тәжірибелік бөлімде топтық жұмыстарды орындау барысында кәсіби біліктіліктерін  көрсетіп, сайысқа түсті. 

«Вагон Сервис» ЛВЧД-Р-5 мекемесінен Ж.Бейімбетов 6 санатты токарь маманы ,«ОЕМ» мекемесінен Н.Молжігітов  4 санатты токарь маманы және Ақтөбе құрылыс және бизнес колледжінен С.Айтжанов өндірістік оқыту шеберінен құралған әділқазы алқалары төрелік етіп, байқау жеңімпазы мен жүлдегерлерін анықтады. 

Байқауға Ақтөбе көлік, байланыс және жаңа технологиялар, жоғары политехникалық және өндірістік технологиялар және басқару колледждерінен  7 топ қатысып, нәтижесінде  Ақтөбе өндірістік технологиялар және басқару колледжінің «Жалын» тобы 1 орын, Ақтөбе жоғары политехникалық колледжінің «Механики» тобы  2 орын, Ақтөбе өндірістік технологиялар және басқару колледжінің «Birlik» және Ақтөбе көлік, байланыс және жаңа технологиялар колледжінің «Ұшқыр» топтары 3 орын дипломдарымен марапатталды, қалған қатысушы топтарға сертификаттар табысталды.

Барлық жеңімпаздар мен жүлдегерлерді құттықтаймыз!!!

FaLang translation system by Faboba

ПАЙДАЛЫ САЙТТАР

Қазақстан Республикасының мемлекеттік мекемелерінің пайдалы сайттары

client 1 client 1 client 1 client 1