Ағымдағы жылдың 19 қыркүйек күні Ақтөбе облыстық әдістемелік орталығының ұйымдастырылуымен Ақтөбе облысының білім басқармасы Ақтөбе облысы Төтенше жағдайлар департаменті (бұдан әрі – Департамент) 2023 жылға арналған интерактивті сабақтарды өткізу бойынша бірлескен жоспары негізінде онлайн форматта «Жылыту кезеңіндегі өрт қауіпсіздігі», «Алғашқы өрт сөндіру құралдары және оларды қолдану ережелері», «Радиациялық-химиялық, бактериологиялық қорғау» тақырыбында кезекті облыстық интерактивті сабақ ұйымдастырылды.
Қарастырылған мәселелер:
1. «Жылыту кезеңіндегі өрт қауіпсіздігі» Ақтөбе қаласының ТЖБ бас маманы азаматтық қорғау майоры Досжанова Дина Жанбырбайқызы
2. «Алғашқы өрт сөндіру құралдары және оларды қолдану ережелері» Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстарын ұйымдастыру бөлімінің аға инженері азаматтық қорғау лейтенанты Болатбай Даурен Жомартұлы
3. «Радиациялық-химиялық, бактериологиялық қорғау» Ақтөбе қаласының ТЖБ офицері лейтенант Жүнісов Мирас Медетұлы
Сабақ барысында қатысушыларға кеңестер беріліп, ұсыныстар айтылды. Аталған интерактивті сабаққа облыс бойынша 500 оқушы қатысты.