Ақтөбе облыстық ғылыми-тәжірибелік орталығының ұйымдастыруымен 2023 жылғы 14 сәуірде техникалық және кәсіптік білім беру  ұйымдары педагогтері арасында «Жас турист»  облыстық  тоғызқұмалақ байқауы Ақтөбе гуманитарлық колледжінде өтті.

Байқау жас мамандар арасында тоғызқұмалақтан ұлттық ойынды кеңінен насихаттау, спорттық шеберлікті және зияткерлік қабілетті арттыру мақсатында ұйымдастырылды. Шараға Ақтөбе облысының ТжКББ ұйымдарынан 10 колледжден 20 жас маман қатысты. Нәтижесінде ой ұшқырлығы және тапқырлығымен көзге түскен үздіктер алға шығып, жеңімпаз бен жүлдегерлер анықталды.

Байқау қорытындысы бойынша: 

I орын-Қ.Жұбанов атындағы АӨМУ-нің Жоғары колледжі

II орын-Шалқар аграрлық-техникалық колледжі

III орын-Ақтөбе автожол колледжі, Кеңес Одағының батыры М.Мәметова атындағы Ақтөбе Жоғары медициналық колледжі

Қалған қатысушыларға сертификат берілді.

FaLang translation system by Faboba

ПАЙДАЛЫ САЙТТАР

Қазақстан Республикасының мемлекеттік мекемелерінің пайдалы сайттары

client 1 client 1 client 1 client 1