Ақтөбе облыстық ғылыми-тәжірибе орталығының жұмыс жоспарына сәйкес 5 сәуір күні Қобда ауданында Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуды дамыту моделін іске асыру мақсатында республикалық пилоттық жобаға қатысушы «Нұрлы болашақ» балабақшасында «Мектеп жасына дейінгі балалардың дамуында заттық-дамытушы ортаны тиімді пайдалану» тақырыбында облыстық семинар өткізілді. 

Шараға Ақтөбе қаласы, Алға, Қобда, Ойыл аудандарының  балабақша  педагогтері қатысты.

Семинардың практикалық бөлімінде  «Нұрлы болашақ» балабақшасының тәрбиешілері «Ғажайып  қобдиша», «Ауылым-алтын бесігім», «Сиқырлы қоржынның сыры», «Жайлауға саяхат»  тақырыбында  ұйымдастырылған  іс-әрекеттерін көрсетті. Балалардың белсенділігін арттыруда тиімді құралдар мен  әдіс-тәсілдер қолданылды.

      Сонымен қатар, А.Т.Қазмұханбет, Ақтөбе қаласы №49 «Думан» балабақшасы мен Р.Ж.Балмағанбетова, Алға ауданы «Айналайын» Тоқмансай бөбекжай-балабақшасының әдіскерлері, А.К.Бисебаева, Ойыл ауданы «Балдырған» бөбекжай-бақшасы және Б.Т.Буркутова, Қобда ауданы «Гаухар» бөбекжай-бақшасының меңгерушілері  заттық-дамытушы ортаны құрудың тиімділігі, баланың ойлауын, танымдық қызығушылықтарының дамуына ықпал ету, қолжетімділігі, тартымды болуына тоқталып, іс-тәжірибелерімен бөлісті.

Семинарда «Ұрпақ–ұлттық ойынмен шыңдалады» атты көрме ұйымдастырылып, ұлттық нақыштағы ойындар мен құралдар көрсетілді.

Шара соңында қатысушылар семинардан  алған жағымды әсерлерін, ой-пікірлерімен бөлісіп, балабақшаның шығармашылық ұжымына алғыстарын  білдірді.

 

Мурзагулова М.Т.-мектепке дейінгі және жалпы орта білім беру бөлімінің әдіскері

 

FaLang translation system by Faboba

ПАЙДАЛЫ САЙТТАР

Қазақстан Республикасының мемлекеттік мекемелерінің пайдалы сайттары

client 1 client 1 client 1 client 1