Ақтөбе облыстық ғылыми-тәжірибелік орталығының жоспарына сәйкес   «Алма» сөйлеу тілінде күрделі бұзылыстары бар балаларға арналған арнайы балабақшасында «Ерекше білімді қажет ететін балалардың күрделі сөйлеу тілі бұзылыстарын түзетуге дәстүрлі және инновациялық көзқарас» тақырыбында облыстық семинар-практикум өтті. Іс-шараға мектепке дейінгі арнайы білім беру ұйымдарының логопедтері мен тәрбиешілері қатысты.

Мекеме меңгерушісі Балымбетова Гулшат Шалкаровна «Алма» балабақшасының  жұмысын ұйымдастыру процесіне тоқталды. 

         Семинар-практикум  барысында педагогтер балалардың сөйлеу  тілін жетілдіру, тіл кемшілігін түзете-дамыту, әр баланың дарындылығын көрсету, өз-өзіне деген сенімділігін ояту, баланы дұрыс және  анық сөйлеуге үйрету бағытында  өз іс-тәжірибелерімен  бөлісті.

Балабақша мамандары түрлі ойын,  қимыл, танымдық, шығармашылық түрде мектепке дейінгі жастағы баланың сөйлеу мәдениетін қалыптастыру арқылы  шебер-класс, ұйымдастыру іс-әрекеттерін көрсетіп, ерекше қажеттіліктері бар балалармен жұмыс жасауда қолданылатын дидактикалық материалдармен таныстырды.

Семинар қатысушылары кері байланыс беру кезінде тәжірибе алмасуға бағытталған семинарға оң баға берді.

 

 

 

 

 

FaLang translation system by Faboba

ПАЙДАЛЫ САЙТТАР

Қазақстан Республикасының мемлекеттік мекемелерінің пайдалы сайттары

client 1 client 1 client 1 client 1