Ақтөбе облыстық әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен 2023 жылғы 24 мамыр  күні топ кураторларымен  «Қолайлы білім беру ортасын құруда кураторлық қызметтің рөлі» тақырыбындағы облыстық семинар-практикум өтті.

  Әдістемелік орталық директорының орынбасары Н.Ж.Жалғас сөз алып, ТжКББ жүйесінде тәрбие бағытының жұмысын жандандыру, жастар арасында кездесетін,  жасөспірімдік жаста туындайтын физиологиялық, психологиялық және әлеуметтік мәселелік жағдайлардың себептерін талқылау бағытында тиімді тәжірибелерді енгізудің өзекті мәселелеріне тоқталып, семинар қатысушыларына сәттілік тіледі.

Шара барысында  орталықтың ТжКБ және кәсіби бағдар беру бөлімінің әдіскері Б.Ж.Нурмолдина «Қолайлы білім беру ортасын құруда топ кураторының ерекше рөлі»,  Кеңес Одағының батыры М.Мәметова атындағы Ақтөбе Жоғары Медициналық колледжі директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары С.М.Тәжібаева «ТжКББ ұйымдарындағы топ жетекшінің педагогикалық құзыреттілігін дамыту және іске асыру» тақырыптарында ТжКББ ұйымдарындағы топ кураторларының жұмысын жандандыру, ата-аналармен тығыз байланыс орнату, студенттерге толыққанды білім мен тәрбие алуға жағдай жасау керектігінайтып,   тәрбие сағаттарын ұйымдастырудың бағыттары мен  сабақ барысында  қолданылатын технология түрлеріне тоқталды.

 Тәжірибелік бөлімде шебер-класс үзінділерінен Ақтөбе көпсалалы АГУ Тарлан колледжінің топ кураторы С.С.Бикешева «Development Day» студенттің даму күнін ұйымдастыру, Ш.Берсиев атындағы Ақтөбе жоғары аграрлық-техникалық колледжінің топ кураторы Ж.А.Ерниязова «Жасөспірімдерді тәрбиелеудегі тәрбие шараларын ұйымдастырудың ерекшеліктері», А.Жұбанов атындағы Ақтөбе музыкалық колледжінің топ кураторы А.С.Токмурзина «Тәрбие жұмысын басқарудағы топ жетекшінің рөлі»,  Tedx форматында Ақтөбе жоғары гуманитралық колледжінің кітапханашысы Р.Ж.Ескарина,   көлік, байланыс және жаңа технологиялар  колледжінің кітапханашысы Г.Н.Жолдасбаева   «Оқуға құштар колледж: студенттердің оқу сауаттылығын арттыру» тақырыптарында  іс-тәжірибелерімен бөлісті. 

Семинар соңында орталытың «Психологиялық-әлеуметтік қолдау» бөлімінің әдіскері М.Т.Сарсенгалиева  «Жақсы көңіл күй – жан шуағы» тақырыбында тренинг ұйымдастырып, қатысушыларға тәрбие сағаттарын өткізу кезінде сергіту сәттерінің ерекшеліктері бойынша  кеңес берді

Жоспарға сәйкес өткізілген облыстық семинар соңында ашық диалогтық алаң құрылып, сұрақ-жауаптар мен ұсыныстар айтылып, кері байланыс жасалды.

FaLang translation system by Faboba

ПАЙДАЛЫ САЙТТАР

Қазақстан Республикасының мемлекеттік мекемелерінің пайдалы сайттары

client 1 client 1 client 1 client 1