Ақтөбе облыстық ғылыми-тәжірибелік орталығының жылдық жұмыс жоспарына сай №7 Хромтау мектеп гимназиясы ғимаратында “Педагогтың кәсіби құзыреттілігі-нәтижелі білім берудің негізі”тақырыбында облыстық семинар-практикум өтті. Семинардың ашылу салтанатында Ақтөбе облыстық ғылыми-тәжірибелік орталығының әдіскері Жумабаева Жумагуль Тоқсанбаевна,Хромтау аудандық білім бөлімінің әдіскері Абилов Қайырбай Кайырлович сөз сөйлеп,семинар бағдарламасымен таныстырды.
Семинар барысында N7 Хромтау мектеп-гимназия педагог-психологі Каймолдина Майя Есетовна “Бүгінгі күннен алған әсеріміз” рефлексия өткізіп, керемет көңіл күй сыйлады.
№2 Хромтау гимназиясының АәжТД мұғалімі Жемисов Амансерик Айтуганович “Әртүрлі жағдайларда алғашқы медициналық көмек көрсету” тақырыбында 10 сынып оқушыларымен практикалық сабақ өткізсе,
№6 Хромтау гимназиясының дене шынықтыру пәні мұғалімі Саудин Нурқасым Турарович “Ұлттық зияткерлік тоғызқұмалақ ойындары” атты шебер-класта өз тәжірибесімен бөлісті.
№3 Хромтау орта мектебінің дене шынықтыру пәні мұғалімі Жумабаев Совет “Асық ату ұлттық ойыны” тақырыбында 5-9 кластар арасында ойындар көрсетсе, №4 Хромтау орта мектебі АәдТД мұғалімі Бегимбаев Арыстанбай Утепбергенович “Химиялық барлаудың әскери приборы” тақырыбындағы ашық сабағы жоғары бағаланды. Сонымен қатар №5 Хромтау гимназиясының дене шынықтыру пәні мұғалімі Гиззатов Асылхан “Lesson Study-мұғалім дамуының қозғаушы күші” 7 класта “Гандбол” ойынын өткізсе, №7 Хромтау мектеп-гимназиясының дене шынықтыру пәні мұғалімі Сатмагамбетова Бақытгуль Тлеужановна “Дене шынықтыру сабағында волейбол ойынын қолданудың тәрбиелік мәні” шебер-класында 9-11 сынып оқушыларымен ойын ұйымдастырды. Сондвй-ақ, Дөң мектеп-гимназиясының дене шынықтыру пәні мұғалімі Кенжегалиев Асылбек Маликович “Мектеп қабырғасындағы иппотерапия” атты шебер класс өткізді.
Семинар соңында Ақтөбе облыстық ғылыми-тәжірибелік орталығының әдіскері Жумабаева Жумагуль Токсанбаевна семинарды қорытындылап, семинарда іс-тәжірбиесін таратқан ұстаздарға алғыс хаттар табыстаса, семинарға қатысушы мұғалімдер өз ризашылықтарын айта отырып, оң пікірлерін қалдырды.