Ағымдағы жылдың 31-наурыз күні «Облыстық арнаулы санаторлық мектеп-интернатында» физика және математика пәні мұғалімі Гульфира Абдикаримовна Абдраимованың «Жаратылыстану пәндерін интеграциялаудағы әдіс-тәсілдер» атты облыстық шеберханасының 3-отырысы өтті.
Шеберхана мақсаты:
1.Ұстаздарға заман талабына сай сабақты түрлендіріп өткізу үшін қолданылатын әдіс-тәсілдер үйрету;
2.Өзара тәжірибе алмасу.
Бекітілген бағдарлама бойынша ұстаздар Г.А.Абдраимованың 7-сыныптағы «Энергия. Кинетикалық және потенциалдық энергиялар» атты ашық сабағына қатысты. Сонымен бірге, Ойыл ауданы, Ш.Бекмұхамбетова атындағы мектеп-гимназиясының биология пəні мұғалімі Бақыт Даулеткалиевна Тоғжанова «Оқытудың интерактивті əдістері, Learning Apps-пен тапсырмалар құрастырудың мүмкіндіктері», Шалқар ауданы,№ 8 ЖББОМ биология пəні мұғалімі Ардақ Шамшатқызы Дүйсмағанбетова «Биология пəнін оқытудағы жаңаша əдіс-тəсілдер» және Ырғыз ауданы, Ы.Алтынсарин атындағы ЖББОМ химия пəні мұғалімі Айнұр Аманғалиева «Химия пəніндегі қызықты тəжірибелер мен əдіс-тəсілдер» шебер сынып сағаттарын көпшілікке ұсынды.
Жұмыс барысында ұстаздар арасында құрылған топтар сабақ үдерісіндегі әдіс-тәсілдер туралы баяндап, өз тәжірибелерімен бөлісті.