2023 жылдың 3 наурыз  күні   облыстық  психологиялық-медициналық-педагогикалық консультациясы өзінің  20 жылдық мерейтойына орай «Жалпы білім беру жағдайында ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды оқытуды ұйымдастырудың өзекті мәселелері» тақырыбында облыстық онлайн семинар-кеңес өткізді.

Семинарға инклюзивті білім беруді жүзеге асыратын білім бөлімінің  жауапты әдіскерлері, мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасарлары  мен арнайы педагогтер/дефектологтар  қатысты.

Онлайн семинар-кеңесте: «Қазақстан Республикасында инклюзивті білім беруді қамтамасыз ететін нормативті-құқықтық құжаттарға енгізілген өзгерістер мен толықтырулар» ,  «Ерекше білім алу қажеттілігін анықтау. Ерекше білім беру қажеттілігі бар балалардың топтары», «Мектепте ерекше білім алуды қажет ететін оқушыларға қолдау (көмек) көрсетуді ұйымдастыру»,  «Бейімдеуге  және жеке оқу  білім беру бағдарламасын құрастыру бойынша ұсыныстар», «Ерекше білім беру қажеттіліктерін сипаттау және бағалау» тақырыптары бойынша баяндама жасалып, өзекті мәселелер талқыланып, қатысушылар өз пікірлерін білдірді.

Ақтөбе облыстық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподақ ұйымының төрағасы Р.С.Серікова облыстық ПМПК-да 20 жылдан бері еңбек ететін мамандарға салалық кәсіподақтың Құрмет грамотасы  және  емдеу-сауықтыру орталығына  жолдама тарту етті. ПМПК меңгерушісі Р.К.Биарстановаға «Білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағына сіңірген еңбегі үшін» төсбелгісі табысталды. Ақтөбе облыстық білім басқармасы ПМПК мамандарына ерекше еңбегі үшін Алғыс хаттар және  Құрмет грамоталарымен марапаттады.

Арнайы (түзету) білім беру ұйымдарының басшылары мен осы салада еңбек еткен ардагерлер ПМПК ұжымын құттықтап, өз жылы лебіздерін білдірді.

 

 

 

 

FaLang translation system by Faboba

ПАЙДАЛЫ САЙТТАР

Қазақстан Республикасының мемлекеттік мекемелерінің пайдалы сайттары

client 1 client 1 client 1 client 1