Ақтөбе облыстық ғылыми-тәжірибелік орталығының ұйымдастыруымен 2 мамыр күні Ақтөбе қаласы «Umit.education» оқу орталығының математика пәні  мұғалімі, Халықаралық, Республикалық байқаулардың жеңімпазы Жилгельдин Бауыржан Жексенгалиевичтің «Бастауыш сыныпта күрделі есептерді шығару жолдары» тақырыбында шебер-класы өтті. Шебер-класқа 27 бастауыш сынып мұғалімі қатысты.

Шара барысында Бауыржан Жилгельдин бастауыш сынып бағдарламасы бойынша күрделі есеп түрлерімен таныстыру, шешу жолдарын көрсету мақсатында теориялық мәліметтерге тоқталып, сандар тізбегі мен заңдылықтар аясында олимпиадалық есеп түрлерін көрсетті.  

Практикалық жұмыс барысында логикалық іріктеуге, логикалық шифрлауға, сағат тілдері арасындағы бұрыштарға қатысты, Эйлер-Венн диаграммасына байланысты есептер шығарып, қатысушы мұғалімдермен бірге орындады.

Шебер-класс соңында қатысушылармен  кері байланыс жасалып, жылы лебіз тілектерін білдірді.    

FaLang translation system by Faboba

ПАЙДАЛЫ САЙТТАР

Қазақстан Республикасының мемлекеттік мекемелерінің пайдалы сайттары

client 1 client 1 client 1 client 1