Ақтөбе облыстық әдістемелік орталығы және Ақтөбе облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментімен бірлесіп, «Мектепке дейінгі ұйымдарды мемлекеттік аттестаттаудан өткізудегі бағалау өлшемшарттары» тақырыбында облыстық семинар-кеңес өткізді.

         Шара 2025 жылы мемлекеттік аттестаттаудан өтетін 50 мемлекеттік және жеке балабақшаларды өзін-өзі аттестаттауға дайындау, өткізу тәртібін түсіндіру және әдістемелік көмек көрсету мақсатында ұйымдастырылды.

         Семинар-кеңесте Ақтөбе облыстық әдістемелік орталығының әдіскері  Аяш Абдимахановна Искендирова «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік жалпыға міндетті стандарт талаптары» орындалуына тоқталды.

         Әрі қарай Ақтөбе облысының Білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің  білім сапасын сырттай бағалау бөлімінің бас маманы Жанар Тыныштыққызы Жаманова мемлекеттік аттестаттаудан өту кезіндегі бағалау өлшемшарттарымен таныстырып, түсіндірме жұмысын жүргізді.

      Ақтөбе қаласы №6 «Орман ертегі» бөбекжай-балабақшасының әдіскері  Гулжан Абдировна Малаева, мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу жоспарының үлгілік оқу бағдарламасына, вариативті, жеке, бейімделген, қосымшаларына сәйкестендіру жолдарын көрсетті.

    Ақтөбе облыстық әдістемелік орталығының әдіскері Ару Курмангалиевна Газизова, «Мектепке дейінгі ұйымдар қызметінің үлгілік қағидаларын сақтау» және әдістемелік ұсыным қосымшаларының жүйелі толтырылуын түсіндірді.

  Ақтөбе қаласы № 25 «Ерке» бөбекжай - балабақшасының әдіскері Гаухар Сабыровна Жантурсина, тәрбиеленушілердің бастапқы, қорытынды даму мониторингісінің және жеке даму карталарын қалай жоспарлау керектігін айтты.     

         Ақтөбе қаласы № 19 «Бұлақ» бөбекжай – балабақшасының меңгерушісі Асел Ердаулетовна Ердаулетова, мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына сәйкес тәрбие мен оқыту мерзіміне қойылатын талаптарға барынша көңіл бөлу керектігін атап өтті.

            Шара соңында қатысушы балабақша меңгерушілерімен  кері байланыс жасалынып, Ақтөбе облысының Білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің  білім сапасын сырттай бағалау бөлімінің бас маманы Бекмұрат Терекбайұлы Қолқабаев қойылған сұрақтарға жауап берді.                   

FaLang translation system by Faboba

ПАЙДАЛЫ САЙТТАР

Қазақстан Республикасының мемлекеттік мекемелерінің пайдалы сайттары

client 1 client 1 client 1 client 1