Ақтөбе облыстық әдістемелік орталығы 2024 жылы сынып жетекшілеріне арналған «Шеберліктің сан қыры» атты семинарлар сериясын жоспарлап отыр. Ай сайын Ақтөбе облысындағы мектептердің сынып жетекшілері әріптестерімен тәжірибе алмасады.
Семинарлардың мақсаты: педагогтардың тәрбие жұмысын ұйымдастыру және жүзеге асырудағы кәсіби шеберлігін арттыру.
Ағымдағы жылдың 28 наурызында «Шеберліктің сан қыры» атты алғашқы семинар өтті. Онлайн семинарға облыстан 150-ден астам ұстаз қатысты.
Семинар бағдарламасына сәйкес сынып жетекшілері панорамалық сынып сағаттарын көрсетті:
- «Абайдың «Толық адам» ілімі», Т.А.Алдонгарова («Ақтөбе облыстық мамандандырылған физика-математикалық лицей-интернаты» КММ);
- «Еңбек түбі – береке», А.Б.Жанасаева (Шалқар ауданы «№4 жалпы орта білім беретін мектебі» КММ);
- «Баланы өз ұлтының тәрбиесімен тәрбиелеудің маңызы», Н.С.Ибраимов («Дарынды жасөспірімдерге арналған Ақтөбе облыстық мамандандырылған «Білім-инновация» лицей-интернаты» КММ);
- «Денсаулықтың алты шарты», Г.А.Сарсенова (Ақтөбе қаласы «Фариза Оңғарсынова атындағы №41 мектеп гимназиясы» КММ);
- «Папа, мама, я – читающая семья», Г.Т.Нафикова (Әйтеке би ауданы «Комсомол жалпы орта білім беретін мектебі» КММ);
- «Ана – біздің күніміз, біз ананың гүліміз», С.Қ.Қуанышбай (Ырғыз ауданы «Ы.Алтынсарин атындағы жалпы білім беретін орта мектебі» КММ);
- «Ұмыт қалған ұлттық тағамдар», А.Ж.Нұршина (Ойыл ауданы «Ойыл қазақ орта мектебі» КММ);
- «Армысың, әз Наурыз!», К.С.Сугирбаева (Байғанин ауданы "А.С.Пушкин атындағы орта мектебі" КММ).
Спикерлер семинарға қатысушылардың назарын балалардың жан-жақты дамуын ынталандыру, оқушылардың жеке тұлғасын қалыптастыру және дамыту үшін жағдай жасау, оларды оқыту мен тәрбиелеу процесіне тарту үшін ата-аналармен өзара әрекеттесу; жалпыадамзаттық және ұлттық құндылықтарды бойына сіңірген ұрпақты тәрбиелеу – бұл сынып жетекшілері қызметінің мақсаты екендігіне аударды.