Ағымдағы жылдың 11 қаңтар күні Ақтөбе облыстық әдістемелік орталығының жоспары бойынша Мәртөк ауданы №1 "Тополёк" бөбекжайының тәрбиешісі, шығармашылық шеберханасының жетекшісі Татьяна Александровна Козловская «Оқу-тәрбие процесінде ойын құралдарын қолдану» тақырыбында облыстық шығармашылық шеберханасының  II отырысы өтті.

         Шеберхана жетекшісі Татьяна Александровна Козловская оқу процесінде ойын құралдарын қолдану маңыздылығына тоқталды. Білім беру процесінің сапасын жоғарлатуға арналған бірнеше ойын түрлерін таныстырды.

         Отырыста шеберхана қатысушылары Ойыл ауданы «Балдырған» балабақшасының тәрбиешісі Н.Г Голикова баланың дамуындағы үстел үсті ойындарын таныстырды, Әйтеке би ауданы «Балауса» бөбекжай-бақшасының тәрбиешісі О.Г Шалагон «Сөйлейтін қабырға» ойын құралын көрсетті. Баланың ұсақ қол моторикасын дамытуға арналған түрлі қалталар (үлгілер, схемалар, карта-алгоритмдер) магниттік жолақтар, киім қыстырғыштардан жасалған ойындарды таныстырды. Ақтөбе қаласы № 19 «Бұлақ» балабақшасы тәрбиешісі Н.А Қожахметова көпфункционалды «Кілемшені дамыту» атты әртүрлі тапсырмаларымен  жасырылған ойындарды қатысушылармен ойнатты.

            Сонымен қатар, шығармашылық шеберхананың қатысушыларымен іскерлік ойын ұйымдастырылды. Ойын қатысушылары сұрақтарға жауап бере отырып, өздерінің шеберліктерін көрсете білді.

             Шығармашылық шеберхана отырысы соңында қатысушыларға әртүрлі материалдардан ойын түрлерін жасауға ұсыныс айтылды.

FaLang translation system by Faboba

ПАЙДАЛЫ САЙТТАР

Қазақстан Республикасының мемлекеттік мекемелерінің пайдалы сайттары

client 1 client 1 client 1 client 1