Ағымдағы жылдың 14 наурыз күні Ақтөбе облыстық әдістемелік орталығының жоспарына сәйкес «Болашаққа жолдама» кәсіптік бағдарға бағытталған облыстық жоба аясында оқыту семинары өтті. Семинардың модераторы: психологиялық-әлеуметтік қолдау бөлімінің меңгерушісі, "Психология және педагогика" мамандығы бойынша әлеуметтік ғылымдар магистрі – М.Жубандықова мамандыққа бейіндеуде психологиялық диагностикалармен қатар, әлеуметтік тренингтердің маңыздылығына мән берді.

Қосымша білім беру және тәрбие бөлімінің әдіскері А.Смагулова кәсіптік бағдар бойынша облыстық жобаның мақсат-міндеттерімен таныстырды. Үздіксіз білім берудің негізінде жобаны жүзеге асыруда білім алушылардың мамандықты нақты таңдай білуіне жауапты мамандарға 1 кластан бастап кәсіби профилі бойынша оқу кезеңіндегі басты мақсаттарын айқындап көрсетті.

Психологиялық-әлеуметтік қолдау бөлімінің маманы, педагогика магистрі – С.Байдуашова «Перспектива» үлкен психологиялық ойынның жүргізілу ережесімен таныстырды. «Перспектива» іскерлік ойынның мақсаты – мамандықты таңдауда білім алушылардың жауапкершілігін қалыптастыру, өз-өзін тану аймағын кеңейту және болашақ өмір мен кәсіпке жағымды қатынасын дамыту.

Ойын барысында білім алушылар өзіндік қабілетін, бейімін, қызығушылығын мамандыққа сай тани алады. Мамандықтардың болашақ кәсіби айқындалуларында тигізетін әсерін көреді. Қатысушылар арасындағы жағымды қарым-қатынас нығаяды;

Семинар соңында «Болашаққа жолдама» жобасын жүзеге асыруға байланысты сұрақтар қойылып, кері байланыс берілді.

FaLang translation system by Faboba

ПАЙДАЛЫ САЙТТАР

Қазақстан Республикасының мемлекеттік мекемелерінің пайдалы сайттары

client 1 client 1 client 1 client 1