2024 жылғы 29 қараша күні Ақтөбе облыстық әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен «Біртұтас тәрбие» бағдарламасының аясында облыстың мектепке дейінгі ұйым тәрбиешілеріне арналған «Біртұтас тәрбие бағдарламасы: құндылықтар және оны іске асыру жолдары» тақырыбында облыстық көшпелі семинар - практикум өтті.

Семинар тәрбие үрдісінде ұлттық құндылықты ойын арқылы қалыптастыру жолдарын іс-тәжірибе арқылы тарату мақсатында ұйымдастырылды.

Шара Ақтөбе қаласындағы №34 «Таңшолпан» бөбекжай- балабақшасының базасында ұйымдастырылды. Аталған балабақшаның тәрбиешілері Төребекова Гүлмира Мейрашқызы «Асық ойынының бала өміріндегі маңызы» іскерлік ойынын, Сатаева Гауһар Нұрмаханқызы «Қол моторикасы-қазақ мәдениетінде» қол моторикасына арналған ойындарын, Жәдігерова Венера Қапарқызы «Балалардың физикалық қасиеттерін дамытудағы ұлттық ойындардың рөлі» ұлттық қимылды ойындарын және Мәлікова Жаннат Мәлікқызы «Ұлттық тәрбие-ұлттық құндылық» дамытушы ойындарының бала тәрбиесінде алатын роліне тоқталып, қатысушыларға ойын ережесін жете түсіндірді.

Сондай-ақ, Туманбаева Жангуль Саттигалиевна «Ұлттық ойын-ұлттық қазына» тақырыбында ұлттық ойындардың шығу тарихына тоқталып, қызықты ақпараттармен бөлісті. Сатиева Айна Рамазановна «Ою өрнек-сәніміз» пазлмен құрастыру жұмысын көрсетіп, Түгел Айдана Амандыққызы «Төрт түлік мал-ел байлығы» слайд-презентациясын және Ергалиева Жансая Беккалиевна «Киіз басу» зертханалық жұмысы бойынша іс-тәжірибелерімен бөлісті.

Шара соңында қатысушылармен кері байланыс жасалынып, қойылған сұрақтарына жауаптар берілді.

Орындаған: А.А.Искендирова, Ақтөбе облыстық әдістемелік орталық әдіскері

FaLang translation system by Faboba

ПАЙДАЛЫ САЙТТАР

Қазақстан Республикасының мемлекеттік мекемелерінің пайдалы сайттары

client 1 client 1 client 1 client 1