2024 жылғы 18 желтоқсан күні Ақтөбе облысының жол картасы аясында «Барлығына қолжетімді сапалы білім» Ұлттық баяндамасын іске асыру бойынша облыстың мектепке дейінгі ұйым тәрбиешілеріне арналған «Білім беру процесін байыту үшін сенсорлық технологияларды қолдану» тақырыбында облыстық семинар - практикум өтті.
Семинар-практикум білім беру процесінде, оның ішінде ұлттық ойындарды өткізуде сенсорлық технологияларды тиімді пайдалану мақсатында ұйымдастырылған.
Шара Ақтөбе қаласындағы №14«Қонжық» бөбекжай- балабақшасының базасында ұйымдастырылды. Аталған балабақшаның тәрбиешілері ұсақ қол моторикасын және сенсомотриканы дамытуға арналған шығармашылық жұмыстар мен ұлттық ойын түрлерін көрсетті.
Сондай-ақ, логопедтер түзету топтарында жүргізілетін топтық жұмыс дағдыларын дамыту бойынша жұмыс тәжірибесімен бөлісті.
Шара соңында қатысушылармен кері байланыс жасалынып, қойылған сұрақтарын жауаптар берілді.
Орындаған: А.А.Искендирова, Ақтөбе облыстық әдістемелік орталық әдіскері