Ақтөбе облыстық әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен 2024 жылғы 12 қыркүйек күні «Тәрбие жұмысын құндылықтар негізінде ұйымдастырудың маңызы, құқық бұзушылықтың алдын алу» атты облыстық әдістемелік семинар өткізілді.

Әдістемелік семинар колледждің оқу - тәрбие процесін ұйымдастыруда білім алушының құқықтары мен заңды мүдделерін қамтамасыз ету, жалпыадамзаттық және ұлттық құндылықтарды бойына сіңірген ұрпақ тәрбиелеу мақсатында ұйымдастырылды.

Семинар облыстық әдістемелік орталығы директорының орынбасары Д.К.Халетова сөз алып, ТжКББ жүйесінде тәрбие бағытының жұмысын жандандыру бағытында тиімді тәжірибелерді енгізудің өзекті мәселелеріне тоқталып, қатысушыларға сәттілік тіледі.

Шара барысында «Ақтөбе облысы полиция департаменті жергілікті полиция қызметі басқармасының кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі аға инспекторы, полиция майоры М.Ә.Қойшыбаев кәмелетке толмаған жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын-алу және жастардың қоғамдағы орны мен құқығын білуі туралы басым бағыттарға және облыс бойынша колледждермен бірлескен жұмыстары туралы ақпараттарға тоқталды.

«Өркен» балалардың әл әуқатын дамыту ғылыми- практикалық институты, аға оқытушы А.С.Токбасова тәрбие жүйесінің белсенді әдістері мен түрлі формалары арқылы жастарға өзінің өмірлік ұстанымын, әрекетін саналы ұғуына педагогикалық көмек көрсету қажет екендігін айтып өтті.

Тәжірибелік бөлімде Ақтөбе сервис колледжі директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары А.Ж.Умирзакова, Кеңес Одағының Батыры Мәншүк Мәметова атындағы Ақтөбе Жоғары медициналық колледжі директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары С.М.Тәжібаева біртұтас тәрбие бағдарламасы негізінде жылдық жоспар бойынша өткізілетін шараларына талдау жасап, бағдарламаның мақсат, міндеттерін ашып, құрылымы мен ұйымдастыру кезеңін талдап өтті. Сонымен қатар, Кеңес Одағының батыры М.Мәметова атындағы Ақтобе Жоғары Медициналық колледжінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің оқытушысы, топ жетекшілер кеңесінің төрайымы С.А.Амантаева жас ұрпақтың бойына ұлттық құндылықтарымызды білім беруде терең сіңіре отырып, құндылықпен байланыстырылған тақырыптың жан-жақты баяндалуында түрлі әдістердің, сабақ көрнекілігінің мазмұны, тиімділігі, қолданылуын көрсетіп өз іс-тәжірибесімен бөлісті. 

Орталық әдіскері Б.Ж.Нурмолдина ТжКББ ұйымдарындағы 2024-2025 оқу жылындағы тәрбие жұмысы бойынша атқарылуы тиіс негізгі бағыттар мен тәрбие процесін ұйымдастыруда басшылыққа алынатын құжаттар үлгілерімен таныстырды.

Шараға 200-ден астам облыстық техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының тәрбие орынбасары, педагог-психолог, әлеуметтік педагог, жастар ісі жөніндегі комитет төрайымы (төрағасы), топ куратор, жатақхана жетекшілері қатысты.

Ашық диалогтық алаңда сұрақ-жауаптар айтылып, ұсыныстар қабылданып, қатысушылар жылы лебіздерін білдіріп, қорытынды жасалды. Шараға ат салысқан мамандар мен педагогтерге орталық басшысының атынан Алғыс хаттар табысталды.

FaLang translation system by Faboba

ПАЙДАЛЫ САЙТТАР

Қазақстан Республикасының мемлекеттік мекемелерінің пайдалы сайттары

client 1 client 1 client 1 client 1