Ақтөбе облыстық әдістемелік орталығының жоспарына сәйкес 2024 жылғы 5 маусым күні Ақтөбе қаласының 155 жылдығына орай «Волонтерлер – бүгінгі адамзаттың элитасы» тақырыбында облыстық дөңгелек үстел өтті.

Шара мақсаты – ТжКББ ұйымдарындағы волонтёрлер қозғалысын дамытуда еріктілер клубтарының оң имиджін қалыптастыру, шығармашылық белсенділігін, ізденушілік қабілеттерін шыңдау, клуб жетекшілерінің кәсіби шеберлігін дамыту және жас көшбасшыларға қолдау көрсету.   

Облыстық әдістемелік орталық директоры Г.Аяпова сөз алып, ТжКББ ұйымдарында білімалушылардың қызығушылықтары бойынша волонтерлердің жұмысын ұйымдастыру маңыздылығын дәріптей отырып, еріктілер жетекшілеріне әдістемелік көмек көрсету, жетекшілердің өзара тәжірибе алмасуына мүмкіндік жасау үшін ұйымдастырылып отырған шара қатысушыларына еңбек жолында сәттілік, тың жаңалықтар мен жаңаша ойлардың туындауына шығармашылық шабыт тіледі.

Шара барысында облыстық орталық әдіскері, облыстық жастар ресурстық орталығының басшысы және колледждердегі еріктілер клубтарының жетекшілері өз іс-тәжірибелерімен бөлісті.

1. Облыстық әдістемелік орталығы ТжКБ және КББ бөлімінің әдіскері, п.ғ.м. Б.Нурмолдина «Волонтерлік – бұл патриотизмнің жоғары көрінісі» тақырыбында баяндама жасады;

2. Ақтөбе облыстық жастар ресурстық орталығының жастар бастамаларын қолдау және ұйымдастыру бөлімінің басшысы А.Әбішова «Волонтер болу оңай ма?» тақырыбында кеңес берді;

3. А.Жұбанов атындағы Ақтөбе музыкалық колледжінің еріктілер клубының жетекшісі Г.Сағындық «Басқаға қуаныш сыйлай білген – ең бақытты жан» тақырыбында монолог оқудың үзіндісін ұсынды;

4. Ақтөбе жоғары гуманитарлық колледжі директорының оқу өндірістік ісі жөніндегі орынбасары, «Қолғанат» еріктілер клубының жетекшісі В.Уалиева «Қызықты көңіл, студенттік өмір» тақырыбындағы парасатты-диалог сәтін ұйымдастырды;

5. Ш.Берсиев атындағы Ақтөбе жоғары аграрлық-техникалық колледжінің «Берсиев еріктілері» волонтерлық клубы жетекшісі Г.Айтқазықызы «Еріктіде – ерліктің үлгісі бар» тақырыбында жастарды волонтерлікке тартуда ой салу арқылы өз тәжірибесімен бөлісті;

6. Ақтөбе автожол колледжінің еріктілер клубының жетекшісі Б.Ізбасханова «Волонтер жастар жақсылық жасауға құштар» тақырыбында тренинг ұйымдастырды.

          Ашық диалогтық алаңда клуб жетекшілері ұсыныстарын айтып, талқыланған мәселелердің өзектілігі айқын екендігіне қорытынды жасап, жылы лебіздері мен алғыстарын білдірді. Шара барысында іс-тәжірибесімен бөліскен жетекшілер облыстық әдістемелік орталық басшысының алғыс хатымен марапатталып, қатысушыларға сертификаттар табысталды.

FaLang translation system by Faboba

ПАЙДАЛЫ САЙТТАР

Қазақстан Республикасының мемлекеттік мекемелерінің пайдалы сайттары

client 1 client 1 client 1 client 1